Тіс тазалайтын нанороботтар жасалды
Тіс тазалайтын нанороботтар жасалды
2 жыл бұрын 2178 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үнділердің ғылыми институтының инженерлері мен медиктері тіс дәрігері емдеу кезінде қол жеткізе алмайтын тіс қуысындағы, қалтарыс-бұлтарысындағы бактериялардан тазартататын, магнит өрісімен басқарылатын, Theranautilus деп аталатын нанороботтар жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced Healthcare Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түбір өзегін емдеу кезінде дәрігерлер тістің ішіндегі бактерия жұққан жұмсақ тіндерді (пульпа) алып тастайды, содан кейін оны антибиотиктермен жуады. Дегенмен, көбінесе барлық бактерияларды, әсіресе, антибиотиктерге төзімді патогендерді толығымен жою мүмкін емес. Үнді ғалымдары жасаған кремний диоксиді мен темірден әзірленген спиралды нанороботтар өз кезегінде тіс дәрігерлері тиімді емдей алмайтын инфекциядан арылуға мүмкіндік береді. Бұл инфекцияның қолданыстағы терапиясы 800 микрометрге дейін, ал Theranautilus 2000 микрометрге жетеді. Сонымен қатар, бұл әдіс қатты химиялық заттарға немесе антибиотиктерге қарағанда қауіпсіз, дейді мамандар. Аталмыш құрылғы қарққындылығы төмен магнитті өріс көмегімен басқарылады. Наноботтар қазірдің өзінде тышқандарда жүргізілген сынақтан сәтті өтті және зерттеу барысы бұл әдістің қауіпсіз және тиімді екенін көрсетті. Қазір ғалымдар ауызға оңай сыйатын, сонымен қатар, тіс дәрігеріне түбірлік арналарды емдеу кезінде Theranautilus-ты тістердің ішіне енгізуге және басқаруға мүмкіндік беретін медициналық құрылғының жаңа түрін жасау бойынша жұмысын жалғастыруда. Үндістанның ғылым институтының ғалымдары тіс түтікшелерінің ішіндегі бактериялармен күресетін кішкентай құрылғылар – «стоматологиялық боттар» деп аталатын технологияны ойлап тапты. Тістің ішіндегі микроскопиялық қуыстарды қолданыстағы құралдармен тазалау мүмкін емес. Тіпті, жуу, дәрімен шаю, лазермен емдеу және ультрадыбыстық зерттеу де қажетті нәтиже бермейді. Сондықтан қауіпті бактериялардың ошағы бәрібір қалып қояды, олармен күресуге тіс роботтары тиімді. Дәлірек айтқанда, бұл технологияны мүлдем тың деуге келмейді, мұндай құрылғылар қазірдің өзінде қатерлі ісік жасушаларын жою үшін қолданылады. Идея мынада: темірмен қапталған кремний диоксидінен жасалған бұрандалы құрылымдар магнит өрісінің әсерінен кеңістікте орнын өзгертіп, қозғала алады. Ең бастысы, оларды тірі тіндерге енгізуге және емдеу сеансынан кейін алып тастауға болады. Тіс боттары дентиндік түтікшелерге 2000 микрометрге дейінгі тереңдікте еніп кете алады, содан кейін магнит өрісінің параметрлерінің өзгеруі олардың қызуын тудырады. Артық жылу бактерияларды жояды, содан кейін наноботтар жойылады. Бұл тарапта жекелеген тістерге жүргізілген тәжірибелер сәтті өтті, қазір үнділік ғалымдар өз технологиясы негізінде тіс дәрігерлеріне арналған жаңа арнайы құрал жасаумен айналысуда.

Зубные наноботы

0 пікір
Мұрағат