Сусамыр дертіне шалдыққандарға!
Сусамыр дертіне шалдыққандарға!
7 жыл бұрын 3548 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бірінші типтегі қант диабетін емдеуге арналған имплантатты сынақтан өткізді. Бұл жайында LIFE ақпарат көзі хабар таратты. Құрамында ствол жасушасынан өсірілген матасы бар PEC-Direct имплантаттың көлемі кредит картасындай, оны аталған аурудан зардап шегетін адамның терісіне жапсырып қойса, науқастың ағзасына қажетті кезде өздігінен инсулин өндіреді. Айта кетейік, 1-ші типті сусамыр - аутоиммундық ауру. Онда эндокриндік жасушалар инсулинді жеткілікті бөле алмайды. Ал біз сөз етіп отырған имплантатта бұл бар. Аталған имплантатты Калифорниядағы Viacyte компаниясы жасаған. Тағы бір айта кететін жайт, 1-ші типті сусамырмен ауыратын науқастар инсулин иньекциясына толық тәуелді. Сусамырдың емі табылмай жатыр, десе де бұл имплантат емдеп жазбаса да симптомын жояды, яғни, сусамырмен ауырып жүргенін ұмыттырады. 

0 пікір
Мұрағат