Дінаралық араздықты әлемде кімдер қоздырып отыр?
Дінаралық араздықты әлемде кімдер қоздырып отыр?
7 жыл бұрын 2818 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Боснияның діни жетекшілері оқыс мәлімдеме жасады. Олардың ішінде, Боснияның мүфтиі Хұсейн Кауазовичтің айтуынша, әлемде бейбітшілік пен үйлесімнің орнауына ең алдымен саясаткерлер кедергі келтіріп отыр. Олар діни факторды өздерінің мақсаттарына жету үшін және мүдделерін қорғау үшін (мәселен, сайлауда жеңіске жету үшін, т.б.) пайдаланады. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. "Саяси элита өздерінің мақсатына жету үшін идеологиялық тұрғыдан пайдалануын қоюы керек",- деді ол. Босниядағы иудейлер қауымының президенті Якоб Финчи де мүфтидің сөзіне қосылатынын мәлемдеді. Әрине, олардың айтып отырғаны ешкімге құпия емес және анау айтқандай жаңалық та бола қоймас. Әйтсе де ықылым заманнан әлі күнге дейін дінді желеу еткен саясаткерлердің бұл әрекетіне тосқауыл қоятын кез әлдеқашан жетті. Бірақ, қалай? Бұл сауалдың жауабы айтылған жоқ. Өкініштісі. 

0 пікір
Мұрағат