Қолдан жүректің үлкен бөлігі өсірілді. Ол соғады (видео)
Қолдан жүректің үлкен бөлігі өсірілді. Ол соғады (видео)
2 жыл бұрын 1642 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Sargol Okhovatian

Ғалымдар ішінде жүрек бар адам асқазынының кішкентай үлгісін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы news.engineering.utoronto.ca ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Канададағы Торонто және Монреал университеттерінің ғалымдары тек нағыз жүрек секілді соғып қана қоймай, сұйықтықты да айдайтын, ұзындығы бір миллиметр болатын тамырды реконструкциялады. Торонто университетінің биомедициналық инженері Саргол Оховатян: «Біздің үлгіміз арқылы біз қарынша жиырылған сайын қанша сұйықтықтың сыртқа шығарылатынын өлшей аламыз және сол сұйықтықтың қысымын да анықтай аламыз», - дейді. Жүрекке ұқсайтын бұл ағзаны ғалымдар зертханада синтеттикалық және биологиялық материалдар қоспасын пайдалана отырып қолдан өсірді. Жасушалар жас егеуқұйрықтардың жүрек-қантамыр тіндерінен алынған, содан кейін тірек қабатында өсірілді. Соңғысы полимерден басып шығарылды және онда тіндердің өсуін басқаратын арнайы ойықтар жасалды. Жүрек жасушаларының үш қабатты жиынтығын пульсирленген жүрекке айналдыру үшін команда тіндерді кесетін жақтауға жасалған конустық таяқшаны пайдаланған екен. Жүрек бұлшықетінің жасушаларының осы кішкентай түтігін соғу үшін бірнеше шағын электр разрядтары қажет болған. «Бұған дейін қарыншалардың барлық дерлік үлгілері жасушалардың бір қабатынан жасалған. Бірақ шын жүректе көптеген қабаттар бар және әр қабаттағы жасушалар әртүрлі бұрыштарда болады. Жүрек соғу кезінде бұл қабаттар кішірейіп қана қоймайды, сонымен қатар, бұралады. Суды сығу үшін орамалды бұрағандай бұралады. Сондықтан жүрек қанды көбірек айдайды. Біздің модел бірден үш жасуша қабатынан жасалған», - делінген ғалымдар мәлімдемесінде.

0 пікір
Мұрағат