Адамның бет-жүзін тану жүйесін «алдайтын» маска жасалды
Адамның бет-жүзін тану жүйесін «алдайтын» маска жасалды
2 жыл бұрын 1837 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бен Гурион университеті мен Тел-Авив жоғары оқу орнының ғалымдарынан жасақталған топ бет-жүзді тану жүйелерін шатастыратын маскалар жасады. Алгоритмдер мұндай бетперде киген адамның бет-әлпетін тану мүмкіндігі 3%-дан аспаған. Бұл жайында islam.kz порталы helpnetsecurity.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, масканың тиімділігі алгоритм бойынша жасалған үлгіні басып шығару арқылы нақты тәжірибелерде тексерілді. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында бет-жүзді тану жүйесі бетперде киген қатысушылардың кім екенін 3,34%-ын ғана анықтай алды. Басқа маскалармен, мысалы, медициналық маскалармен салыстырғанда, нәтиже 83,34% құрады. Бұл тарапта ғалымдар градиент негізіндегі оңтайландыру процесін пайдаланып, әрбір масканы пайдаланушыны еркек немесе әйел етіп көрсететін, яғни, жалған жіктеуге көмектесетін маска жасады. Бет-жүзді тану моделдерін әдеттен тыс бетперде киген адамдарды тануға үйретуге болады немесе маска таққан адамның бет кескінін стандартты бетперде киіп тұрғандай етіп алдын ала өңдеуге болады. Ғалымдар бет-әлпетті тану жүйелесінің беттің екі бөлігін салыстырып, олардың бір адамға тиесілі ме деген сұраққа жауап беруге тырысатынын анықтады. Яғни, адамныңң бет-жүзін тану жүйесінің осындай прицниппен жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондықтан ғалымдар маска иесінің бетін қалпына келтіретін ерекше кескінді жасады (кейде бұл үлгі жануарға ұқсайды). Бұл тәсіл алгоритмдерді шатастырады және ол кейбір жағдайларда ғана адамды анықтай алады. Сондықтан олар әр қолданушы үшін оның бетінің ерекшеліктеріне байланысты жекелеген сызбалар жасады.

Ұқсас материалдар:

«Адамның жүзін тану жүйесін алдайтын нейрожелі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-aldaityn-neirojeli-paida-boldy-15581/#gsc.tab=0);

«Бақылау камерасына адамды көрінбейтін ететін өрнек жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/baqylau-kamerasyna-adamdy-korinbeitin-etetin-ornek-jasaldy-foto-13570/#gsc.tab=0);

«Адамды қан тамырларына қарап танитын жүйе жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamdy-qan-tamyrlaryna-qarap-tanityn-juie-jasaldy-12398/#gsc.tab=0);

«Адам тану технологиясы қанша қашықтықтан адамды жүрсінен таниды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-tanu-tehnologiyasy-qansha-qashyqtyqtan-adamdy-jursinen-tanidy-12763/#gsc.tab=0);

«Адамды көлеңкесіне қарап танитын технология ойлап табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamdy-kolenkesine-qarap-tanityn-tehnologiya-oilap-tabyldy-12322/#gsc.tab=0);

"Адам жүзін тас қараңғыда тану жүйесі жасалады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-juzin-tas-qarangyda-tanu-juiesi-jasalady-13176/#gsc.tab=0);

«Адамды көлеңкесіне қарап танитын технология ойлап табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamdy-kolenkesine-qarap-tanityn-tehnologiya-oilap-tabyldy-12322/#gsc.tab=0);

«Адамның жүзін тану жүйесін түрік ғалымы ойлап тапқан» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-turik-galymy-oilap-tapqan-12251/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат