Микророботтар дәріні жеткізу үшін биологиялық кедергілерді еңсеруді үйренді
Микророботтар дәріні жеткізу үшін биологиялық кедергілерді еңсеруді үйренді
4 жыл бұрын 4609 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Микророботтар дәріні организмнің қабынған немесе дерт шалған тұсына жеткізу үшін биологиялық кедергілер мен тосқауылдарды еңсеруді үйренді. Модификацияланған ішек таяқшасы (E.coli)  негізінде және наноэритроспен жасалған құрылғыларды сипаттаған америкалық физика институты ғалымдарының мақаласы APL Bioengineering мерзімді басылымында жарияланды. Бұл туралы hightech.fm ақпарат көзі хабар таратты. 

Титтей биологиялық гибридті роботтар адамның барлық өн бойында еркін жылжып, керекті жеріне, яғни, бағыттаған жағына дәріні жеткізіп береді. Десе де мұндай құрылғылар жұмысының сәтті жүзеге асуы организм мен микророботтың биологиялық тұрғыдан бір-бірін жатырқамауына байланысты болмақ. Ол үшін микроробот адамның иммундық жүйесі агрессия танытпайтын материалдардан жасалуы тиіс. Бұған қоса, дәріні керекті жеріне жеткізу үшін мұндай роботтар тұтқыр ортада еркін қозғалып, тін жасушасына ене алуы тиіс әрі өзге де биологиялық кедергілерді еңсере алуы қажет.  Бұл арада өзге де биологиялық кедергілер дегенде биологиялық белсенді заттар мен дәрі-дәрмектің организмге енуін әрі таралуын реттейтін және тіндерді бір-бірінен ажырататын мембраналар турасында сөз болып отыр. Ғалымдар микророботтарды, жоғарыда айтып өткеніміздей, ішек таяқшасы штаммы негізінде әрі наноэритроспен (жасушаны босату, мембрананы сақтау әрі оларды наноөлшемді көлемге дейін сүзгіден өткізу арқылы эритроциттен алынған нановезикул) жасады. Бұл эритроциттерді алып жүретін титтей тасымалдаушылар бактериялық мембранаға биотин мен стрептавидин арасындағы нековалентті биологиялық аса мықты байланыс арқылы бекиді. Осындай жолдармен алынған робот тек еркін әрі жылдам жүзіп қоймай, сонымен қатар, құрамының өзгешелігіне байланысты иммундық жүйе тарапынан тосқауылдарға аз ұшырайды.

0 пікір
Мұрағат