Орман-тоғайдың оталуы аурулардың таралуына себеп болады
Орман-тоғайдың оталуы аурулардың таралуына себеп болады
4 жыл бұрын 4474 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша орман-тоғайдың оталуынан түрлі ауралардың таралу қатері артып отыр. Профессор Лора Блумфилд бастаған Стэнфорд университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр.

Адамзат жердің жартысынан астамын ауыл шаруашылығына пайдаланатын аймаққа айналдырған. Әсіресе, тропикалық орман-тоғай аяусыз оталып жатыр. Соның ішінде, Африка құрлығындағы ұлттық қорыққа кірмеген аймақтардағы орман-тоғай аумағы жылдан жылға тарылып келеді. Соңғы он жыл ішінде мұндай тропикалық орман-тоғайдың аумағы75%-ға азайған. Осы бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, жануардан адамға жұғатын, мәселен, тәжді тажал пандемиясын айтсақ болады, инфекциялық аурулар көп тарайды. Бұған ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жердің аумағын кеңейту бағытындағы орман-тоғайдың оталуы себеп болуда. Орман-тоғай абайы жануарлардың тіршілік ететін ортасы. Стэнфорд университетінің ғалымдары Уганда аумағындағы орман-тоғай маңында тұратын, диханшылықты кәсіп еткен ұсақ шаруа қожалықтары туралы деректерді жинап, бұл мәліметтерді спутниктік бейнелермен салыстыра отырып талдап, индивиттің іс-әрекеті мен ландшафтық аумақтың жабайы жануарлармен байланысқа қаншалықты әсер ететінін зерделеген. Дәлірегі, мұндай өңірлерде тұратын нақты бір адамдардың жабайы жануарламен байланысқа түсу жиілігі қаперге алынған болатын. Нәтижесінде орман-тоғай маңында тұратын адамдардың ағаш материалдары, отын, т.б. үшін орман-тоғайға жиі баратыны әрі жабайы жануарлар мекен ететін ортада көп уақыт өткізетіні белгілі болды. Бұл жабайы жануарлар бойындағы адам өмірі мен денсаулығына қауіпті түрлі індеттердің таралу қатерін арттырады. Белгілі болғандай, адам аяғы баса бермейтін ну жыныс қалың ормандарға қарағанда ауыл шаруашылығы мақсатынлда игерілген жердегі оталмай қалып қойған орман-тоғай адамдарға қауіп төндіреді.

0 пікір
Мұрағат