Медиктер организмде рак клеткаларының таралуына қарсы тиімді дәрі жасады
Медиктер организмде рак клеткаларының таралуына қарсы тиімді дәрі жасады
6 жыл бұрын 5623

Ғалымдар рак ауруына шалдыққан организмдегі метастаздармен күресудің тиімді жолын тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Калифорния университетінің ғалымдары рак жасушаларына химиотерапияда қолданылатын препарат – паклитакселді тасымалдаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Зерттеу нәтижелері Journal of Medicinal Chemistry басылымында жарияланды.

Препарат метастаздардың түзілуіне әсер ететін EphA2 онкогенімен күресетін 123B9 молекуласымен толықтырылды. 123B9 қатерлі ісік жасушаларын жояды.

Ғалымдар бұл препаратты сүт безі рагына шалдыққан тышқандарға салып сынап көрді. Нәтижесінде кеміргіштердің өкпелерінде матестаздардың өсуі тоқтады. Ал тек паклитакселмен емделген тышқандарда өзгеріс байқалмады.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл препарат әлі көптеген клиникалық тексерістен өтеді. Десе де, көптеген тексерістен өтуді талап еткеніне қарамастан, ғалымдар оның рак ауруымен күресуде пайдасы зор екеніне сенімді.

Метастаздар дегеніміз — рак ауруының екінші ошағы. Көбінесе метастаздар лимфа түйіндерінде, өкпеде және бауырда пайда болады. Ісіктің дәл осы түрлері науқасты өлімге әкеліп соқтырады. 

0 пікір
Мұрағат