Кез келген жерде демалуға мүмкіндік беретін кресло-экзосүлдесі (видео)
Кез келген жерде демалуға мүмкіндік беретін кресло-экзосүлдесі (видео)
2 жыл бұрын 1314 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Орынсыз орындық, яғни, арнайы отыратын орындығы жоқ экзосүлде 2.0 алдыңғы нұсқасынан 25% жеңіл және пайдаланушының ауқымына, тұрпатына, яғни, кез келген өлшеміне сай келеді. Бұл жайында islam.kz порталы noonee.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дененің төменгі бөлігінің, яғни, белден төмен жағына арналған Chairless Chair құрылғысының алғашқы нұсқасы 2014 жылы пайда болған еді – жүруге қолайлы әрі отырғанда тіреп тұратын. Енді алғашқы нұсқасынан да жеңіл әрі барынша қолайлы түрі шығарылып отыр. Жуырда жұртшылық назарына ұсынылған Chairless Chair 2.0 құрылғысын немістердің noonee  компаниясы құрастырған болатын. Бұл құрлғы ұзақ уақыт бойы тікесінен тік тұрып жұмыс істейтін, алайда, аяғы талғанда немесе шаршағанда отыратын орындықты өзімен бірге алып жүре алмайтын адамарға қолайлы. Бастапқы модель сияқты аталмыш құрылғының бұл нұсқасы пайдаланушының дене салмағын қолдау үшін реттелетін амортизаторды пайдаланады. Пайдаланушы қалаған деңгейге түсіру үшін сәл ғана тізелерін бүгіп, амортизаторды қосады. Содан кейін экзоскелет салмақты аяқ киімнің өкшесіне бағыттау арқылы қалаған конфигурацияға бекітіледі. Құрылғының өзі жамбасқа, белге белдікпен бекітіледі. Соңғы нұсқасының артықшылығы сұңғақ бойлы адамдарға шақ келетіндігінде – бойыныңң ұзындығы 1,5-тен 2 метрге дейін жететін адамдардың да пайдалануына қолайлы. Сондай-ақ,  салмағын алғашқы нұсқасына қарағанда 25%-ға (3,4 келіден 2,55 келіге дейін) азайған; дизайн; т.б.  Chairless Chair 2.0 экзосүлдесі осы айдың аяғында өтетін Hannover Messe кқрмесінде ресми түрде аныстырылады. Әзірге бағасы айтылмады.

Ұқсас материалдар:

"Guardian XO экзосүлдесінің алғашқы топтамасы" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/guardian-xo-ekzosuldesinin-algashqy-toptamasy-video-12835/#gsc.tab=0);

«Қартайғанда қарап отырмасы үшін экзосүлде киіп жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qartaiganda-qarap-otyrmasy-ushin-ekzosulde-kiip-jatyr-fotovideo-12865/#gsc.tab=0);

«Әскери мақсатта аяққа арналған экзоқаңқа сынақтан өткізіледі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/askeri-maqsatta-ayaqqa-arnalgan-ekzoqanqa-synaqtan-otkiziledi-video-10284/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат