Адам құқығының, соның ішінде мұсылмандар ұйымының сарапшылары Zoom технологиясына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр
Адам құқығының, соның ішінде мұсылмандар ұйымының сарапшылары Zoom технологиясына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр
2 жыл бұрын 925 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Thomson Reuters Foundation дерек көзінің мәліметі бойынша адам құқығы жөніндегі сарапшылар Zoom компаниясының эмоцияны анықтауға қатысты программалық жасақтама әзірлейтініне алаңдаушылық білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Futurism ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәуір айында аталмыш компания өз блогында тұтынушылар эмоциясы мен көңіл күйін қадағалайтын технологияны жасау туралы жоспарын жария еткен еді. Zoom өкілдерінің айтуынша, бұл технология сатылым мен өнімділікті ынталандырады. Zoom өз тұтынушыларына экранның екінші жағындағы адамдар қалай сезінетінін айтып, содан кейін A Clockwork Orange фильміндегі сол көрініс сияқты нақты бағалауларды қолдағысы келеді. Бұл жаңашылдыққа сарапшылар үрке қарап, наразылық білдіруде. Дәлірегі, Thomson Reuters агенттігінің хабарлауынша, 25-тен астам адам құқықтарын қорғау тобы, соның ішінде Access Now, Американдық азаматтық бостандықтар одағы (ACLU) және Мұсылман әділет лигасы бағдарламалық жасақтаманы адам құқықтарын ықтимал бұзу деп жариялаған ашық хатқа қол қойған. «Егер Zoom осы жоспарынан бас тартпаса, бұл функция миллиондаған құрылғыларға стереотиптерді қатаң кодтау арқылы белгілі бір ұлттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды кемсітеді», - деді «Болашақ үшін күрес» (Fight for the Future) науқандарының директоры Кэйтлин Сили Джордж. ACLU жобасының сөйлеу, құпиялылық және технология жөніндегі директорының орынбасары Еша Бхандари бұл жасанды зердені «техникалық қоқыс» деп атады. «Осы сұмдық технологияны дамыту үшін Zoom қолданушылардың бет әлпетін, дауыс ырғағын және көз қозғалысын талдауға ешқандай себеп жоқ», - деді ол Thomson Reuters-ке жолдаған электрондық хатында. Zoom компаниясы бұл наразылыққа жауап берген жоқ. Twitter әлеуметтік желісінде аталған технологияның қауіпті тұстары талқыланып жатыр: пікір білдірушілердің дені бұл технологияның басшылық тарапынан қызметкерлерге тыңшылық жасауға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат