Жаңа технология кибер шабуылды бір секундқа жеткізбей анықтап, алдын алады
Жаңа технология кибер шабуылды бір секундқа жеткізбей анықтап, алдын алады
2 жыл бұрын 841 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ноутбуктерге, компьютерлерге және смарт құрылғыларға жасалған кибершабуылдарды бір секундтан аз уақыт ішінде автоматты түрде анықтайтын және жойатын жаңа әдіс ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кардифф университетінің программашылары Airbus-пен бірлесіп әзірлеген жаңа тәсіл зиянды бағдарлама әрекетін бақылауға және болжауға негізделген. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш әдіс компьютердегі файлдардың 92% зақымдалудан қорғайды, ал зиянды бағдарламаны жою орта есеппен небәрі 0,3 секундты алады. Security and Communications Networks («Қауіпсіздік және коммуникация желілері») мерзімді басылымында жарияланған мақаласында ғалымдар классикалық антивирустардың зиянды бағдарламаның қандай болатынын талдайтынын, бірақ, бұл тәсілдің өзгерістерді ескермейтінін атап өтті. Ғалымдар өз көзқарастарында вирустың қалай әрекет ететінін талдап, шешім қабылдау үшін жасанды зерде мүмкіндіктерін қолданады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Пит Бернуп қолданылып келген антивирустардың зиянды бағдарлама кодының құрылымына қарайтынын айта келе вирустарды шығарушылардың кодты өзгертетінін жеткізді. Міне, осындай қитұрқылыққа байланысты келесі күні басқаша сиапт алатындықтан антивирус оны анықтай алмай қалады. Ғалымдар зиянды бағдарламаның болашақта қалай әрекет ететіні туралы бір секундтан аз уақыт ішінде өте жылдам болжау үшін жасанды зердені зиянды бағдарламаның белгілі бір бөліктерін моделдеуге бағдарлайды. Сонымен қатар, көптеген вирустар өте жылдам әрекет ететіндіктен, жедел жауап қатудың маңызы зор. Пайдаланушының құрылғысын қорғауға арналған қолданыстағы Endpoint Detection and Response технологиясы вирусты тез тауып, деректерді талдай алады, алайда, бұл технологияның кемшілігі сонда – жиналған деректерді алдымен әкімшілікке жөнелту керек ол тиісті шара қолдануы үшін, бұл аралықта вирус құрылғыңызды зақымдап үлгереді. Қауіпті анықтағаннан кейін кейбір деструктивті вирустардың жылдам әрекет ету сипатына байланысты бағдарламаның шабуылға дер кезінде тойтарыс беруі үшін автоматтандырылған әрекеттерді қолдануы өте маңызды. Ғалымдар жауап берудің дәлдігін жақсарту үшін өз жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, болашақта смарт құрылғылар әлемінде және заттар интернетінде нақты уақыт режимінде жауап бере алатын жүйелердің маңызы артады.

0 пікір
Мұрағат