Донорлық қанды алмастырудың жаңа тәсілі пайда болды
Донорлық қанды алмастырудың жаңа тәсілі пайда болды
2 жыл бұрын 1064 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jingjing Li, UNSW Sydney

Сидней қаласындағы Оңтүстік Уелс (Австралия) университетінің ғалымдары донорлық қанды алмастыруға жарамды қанның эмбриондық донорлық жасушаларын жасаудың жаңа тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Cell Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеушілер сүтқоректілердің эндотелий жасушалары деп аталатын қан тамырларын қалыптастыратын жасушалардан қанның діңгекті жасушаларын жасау үшін қолданатын тетікті зерттеді. Бұл процесс эмбриондарда болатыны бұрыннан белгілі, онда аортаны қаптаған эндотелий жасушалары қан жасушаларына айналады. Мезодермалды жасушалардан (Мезодерма: ішкі ағзалар немесе өкпе, жүрек, бүйрек, т.б. паренхималық ұлпасы осы жасушадан пайда болады) тарайтын, PDGFRA+ стромалды жасушалар деп аталатын жасушалар (Мультипотентті мезенхималық стромальы жасушалар (MMSCs) – остеолық аймаққа (сүйек тінінің жасушалары), хондроциттерге (шеміршек жасушалары) және адипоциттерге (май жасушалары) дифференциациялануға (саралануға) қабілетті мультипотентті діңгекті жасушалар) аорта астында орналасып, гемогендік (гемопоэтикалық) эндотелиге (эндотелий жасушалары эндотелийге жататын метаболикалық белсенді жасушалар, ішкі  жасушалы қан тамырлары. Бұл жасуша қабаты ағзада, әсіресе, қан айналым жүйесіне қатысты маңызды физиологиялық функцияларға ие) үлес қосатыны анықталды. Бұл жаңалық ересек сүтқоректілердің эндотелий жасушаларын қанның  қайнар көзі ретінде пайдалану әдістерін жасауға көмектеседі. Ұрық немесе ересек эндотелий жасушалары  Mesp1-ден  (транскрипция факторы)алынған PDGFRA+ стромальды жасушаларымен араласқанда, олар қанның діңгекті жасушаларын өндіреді. Қанның діңгекті жасушаларын жасау үшін пациенттің өз қанын пайдалану өз кезегінде донор қанын құю немесе діңгекті жасушаларды трансплантациялау қажеттілігін жояды.

Ұқсас материалдар:

«Барлық қан тобына жарамды жасанды қан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/barlyq-qan-tobyna-jaramdy-jasandy-qan-jasaldy-12455/#gsc.tab=0);

«Өмір рецепторының құпиясы ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/omir-retseptorynyn-qupiyasy-ashyldy-16900/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат