Жойылу қатері төнгендіктен азайып кеткен құстар жалғыздықтан қалай сайрайтынын ұмыта бастады
Жойылу қатері төнгендіктен азайып кеткен құстар жалғыздықтан қалай сайрайтынын ұмыта бастады
2 жыл бұрын 1365 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Регенттердің бал борсығы деп аталатын австралиялық әнші құс жойылу алдында тұр. Дәлірегі, жабайы табиғатта олардың тек 300-і қалған. Бұл жайында islam.kz порталы ВВС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған құстың еркектері ұрғашыларын табиғатта сирек кездестіреді. Міне, осындай себеппен қалай сайрайтынын ұмытып барады. Салдары – өзге құстардың әнін еншілей бастаған. Осының кесірінен ұрғашылары еркегімен шағылысудан бас тартадығ яғни, басқаша сайрайтынына байланысты жұптасудан қашады. Бұл жайт өз кезегінде аталған құс түрінің мүлдем жойылу қатеріне алып келген. Бал борсық регенттерінің бастапқы әні 12% іс жүзінде жоғалып кеткен. «Балапандар ұядан шыққанда, олар тұқымдас басқа егде жастағы еркек құстармен тілдесуі керек, осылайша олардың қалай сайрайтынын үйреніп, сол әнді қайталай алады», - деп түсіндірді аталмыш зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі - Росс Крейтс. Ғалымдар бұл құс түрін жойылудан аман алып қалу үшін олардың әнін таспаға тартып алып, үйретуге кірісті. Үйренген құстар еркіндікке, дәлірегі, табиғатқа жіберіледі. Осылайша ұрғашымен шағылысуына жағдай жасайды.

0 пікір
Мұрағат