Барлық қан тобына жарамды жасанды қан жасалды
Барлық қан тобына жарамды жасанды қан жасалды
5 жыл бұрын 3015 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары науқастың қандай қан тобына жататындығына қарамастан құюға жарайтын, яғни, кез келген қан тобындағы адамға жарамды жасанды қан жасады. Бұл жаңалық өз кезегінде қан кетуден өліп кететін қаншама адамның өміріне араша түсуге көмектеседі. Бұл жайында  The Asahi Shimbun мерзімді басылымы қыркүйек айының 29-ы күні хабар таратты. Осы уақытқа дейін және бұл жаңалық кеңінен қолданылғанша дәрігерлер пациенттің қандай қан тобына жататындығын алдын ала біліп алуы тиіс қан құюы үшін. Бұл өз кезегінде біршама уақыт алатындықтан науқас қан кетуден өліп кетуі мүмкін. Сол себепті, жедел жәрдем көлігінде қан құюға тыйым салынған. Ал жасанды қан үшін мұндай фактордың маңызы жоқ, оны жедел жәрдем көлігінде құя беруге болады. Сол арқылы талай адамды ажалдан аман алып қалуға қол жеткізілмек. Күншығыс елінің ұлттық қорғанысқа қарайтын медициналық колледж ғалымдары бұл тарапта қояндарға тәжірибе жүргізіп көрген екен. Кері нәтиже байқалмаған. Дәлірегі, жасанды қанды көп қан жоғалтқан 10 қоянға құйған. Олардың алтауы аман қалды. Артынан оларға нағыз донорлық қан құйған. Теріс жағымсыз әсері байқалмады. Қалыпты темперутурада жасанды қан бір жылға дейін өзінің сапасын жоғалтпайды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, әдетте ұрыс жүріп жатқан майдан даласында ауыр жараланғандардың өмірін сақтап қалу көбіне оларға медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуіне байланысты болмақ. Жаралылардың көптеп өлуінің негізгі себебіне көп қан жоғалтуды жатқызады. Бұл орайда жасанды қанның тигізер көмегі орасан зор болмақ.

0 пікір
Мұрағат