ДНК Жаратушының барын дәлелдеп берді (фото+видео)
ДНК Жаратушының барын дәлелдеп берді (фото+видео)
6 жыл бұрын 11428 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жасы 80-нен асқан қарт ғалым осы уақытқа дейін тек ғылым жетістіктеріне мастанып, Жаратушыны жоққа шығарып келген еді. Атеизмді "құбыласына" айналдырған Энтони Флю есімді қарт ғалым ғылыми ортада қызу талқыланған мәлімдемесімен тарихта аты қалатын болды. Нақтырақ айтқанда, 2004 жылы бұлтартпайтын ғылыми айғақтарды алға тарта отырып, атеизмді адасушылық деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әлем өздігінен жаратылған жоқ, біз елестете алмаймын, санамыз жетпейтін аса құдыретті күштің пәрменімен жаратылғанын жар салып, жария етті. Энтони Флю бастапқыда өлі матриядан тірі ағза пайда болған деп есептеп келген еді. 

ДНК свидетельствует: Бог существует

"Бүгінгі таңда өмірдің пайда болуына қатысты атеистік теорияны ақылға сыйдыра алмайсыз",- деп мәлімдеді ол. 

Оның айтуынша, ДНК құрылымы туралы осы заманғы деректер оның өздігінен пайда болмағанын, яғни, біреудің жасағанын көрсетіп берді. Молекулада сақталған генетикалық жад пен ақпараттардың энциклопедиялық мөлшері соқыр кездейсоқтықты жоққа шығарады. 

ÐÐÐ ÑвидеÑелÑÑÑвÑеÑ: Ðог ÑÑÑеÑÑвÑеÑ

"ДНК-ның биологиялық зерттеулер нәтижесі көрсетіп бергендей, өмірдің пайда болуы сансыз түрлі факторлардың ұштасып, сәйкес келуін қажет етеді. Ал бұл өз кезегінде жаратуға қабілетті біреудің сөзсіз қолтаңбасы барына көз жеткізеді...Ең алғашқы тірі ағза тірі емес материядан пайда болып, эволюция арқылы өзгеше күрделі жаратылысқа айналды дейтін теорияның ақылға сыймайтындығына көзім жетті...",- деді ол. 

0 пікір
Мұрағат