Құрдымдағы жарылысқа жақындап келеді
Құрдымдағы жарылысқа жақындап келеді
6 жыл бұрын 3174 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ енді бір сегіз-он жылдан кейін дефольтқа ұшырайды. Мұндай экономикалық апатқа жол бермесі үшін ел билігі кешіктірмей шұғыл шараларды қолға алу қажет. Ең әуелі мемлекеттік шығындарды азайту керек, Ол үшін басы артық, маңызы кем мемлекеттік бағдарламалардан бас тартудан бастау керек. Бұл жайында Республика партиясы атынан сайланған конгрессмен Энди Биггс Fox News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Кәнігі саясаткердің сөзіне қарағанда, бюджеттік шығыс биыл 1,3 трлн доллардан асып кеткен. Бұл көрсеткіш, оның айтуынша, 700 млрд доллардан аспауы керек. "Біз жүріп бара жатқан жол жақсы емес, біз мұны білеміз, алайда, одан шығып, оңтайлысына түсу - қысқа мерзімді болашақта қиындық тудырады". Бұлай етсек, саяси шығынға ұшыраймыз (бұл арада әлемдегі АҚШ үстемдігі турасында айтылып отыруы мүмкін - ред.). Егер біз бұлай істемесек, күн сайынғы кері кету тығырықтан шығаратын жолдардан біртіндеп айыра бастайды. Біздің проблемамыз: жүйелі тапшылық орын алып отыр. Біздің алғанымыздан жұмсағанымыз көп, қарызға батуға мәжбүрміз",- деді ол сөзін сабақтап. Конгрессмен АҚШ билігінің бұл мәселенің шешімін табу үшін тек он жылы қалғанын мәлімдеді. 2026 жылы қарттарды медициналық сақтандыру бағдарламасының қоры таусылады. АҚШ экономикасын күйретіп кететін "қарыз бомбасы" туралы сауалға ол "біз құрдымға кетіп барамыз" деп жауап қатты. Конгрестің бюджет жөніндегі басқармасының есебі бойынша 2019 жылы АҚШ бюджетінің тапшылығы 981 млрд доллардан асып кетеді. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш триллион доллардан аспақ. 

0 пікір
Мұрағат