ДНК және Рух. Ғайбаттың денсаулыққа зияны анықталды
ДНК және Рух. Ғайбаттың денсаулыққа зияны анықталды
4 жыл бұрын 6481 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ДНК молекуласы (генетикалық ақпаратты сақтайтын молекула) адамның сезімдерімен сауығады, деп есептейді Грегг Брейден есімді инженер әрі ғалым. Ол мұндай тұжырымыға 3 тәжірибені зерделей келе келген.

№1 тәжірибе

Кванттық биология саласының маманы Владимир Попонин ДНК-ның жарықтың бөлшегі болып табылатын фотонға (ғаламдағы барлық нәрсенің негізіне айналған кванттық «кірпіштер») тигізер әсерін зерттеген екен. Шыны түтіктен ауаны сорып алып, жасанды ваккум күйіне келтіргеннен кейін түтікке адам ДНК-сының бір үлгісін салған. Қызықтың көкесі, міне, осы жерден басталған: фотон өзін, дөрекі тілмен айтқанда, «біртүрлі» ұстаған – ДНК көзге көрінбейтін қандай да бір күшпен оның құрылымын тәртіпке келтірген. Классикалық физика арсеналында мұндай құбылыстың астарын ашып түсіндіріп беретін теория жоқ болып шықты. Десе де зерттеу барысы мен нәтижесі көрсеткендей, адам ДНК-сы материалдық әлемнің кванттық негізіне тікелей әсер етеді әрі қоршаған ортаға, күллі ғаламға ықпал етеді.

№1 тәжірибенің түйіні:

-       Тәжірибе көрсеткендей, ДНК мен осы әлемнің жаратылысына негіз болған энергия арасында тікелей байланыс бар;

-       Әлі күнге дейін белгіленбеген (тіркелмеген) энергетикалық поля бар;

-       Осынау энергетикалық поля арқылы ДНК материяға әсер етеді.

Сонымен, зертханадағы қатаң бақылау мен қадағалау кезінде күллі жаратылыс негізі болып табылатын жарық бөлшегінің «мінезін» ДНК өзгерте алатын болып шықты. Сол себепті, дін мен өнер бұл контексте маңызды рөл ойнайды. Келесі екі тәжірибеден бұл айтып отырғандарымызға тағы бір мәрте көз жеткізе түсесіз.

Грегг Брейден: "Біз онда жаңа энергетикалық поляның, энергетикалық жүйенің барын, ДНК-ның фотонмен осы энергия арқылы ақпарат алмасқанын мойындауымыз керек»,- деді аталмыш тәжірибеге қатысты тұжырымында.

Осы қозғап отырған тақырымызға тұздық ретінде ғайбаттың ДНК-ға тигізер теріс әсері туралы айта кетпекпіз.

Ғайбаттың ДНК-ға теріс әсері:

Ғайбат адамның тек рухани әлеміне ғана емес, сонымен қатар, денсаулығына зиянды. Ресей ғылым академиясының ғалымдары көз жеткізгендей, адам өзінің ойша әрі сөзбен (адамды қабылдауы мен оған баға беруі, оның бейнесін қалай қалыптастыратынын байланысты сөз болып отыр) ұрпақтан ұрпаққа қалатын өзінің мұрасын (генетикасын) жасайды немесе оны бүлдіреді. Белгілі болғандай, ДНК электромагникттік канал арқылы адамның сөзі мен өзі оқыған мәтінді қабылдай алады. Кей ақпарат генді сауықтырады, кейбірі зақымдайды. Бейнебір радиация секілді. Мәселен, дұға еткенде генетикалық аппараттың резервтегі мүмкіндіктерін арттырады, қарғыс пен лағынет және бағалат сөздер генді мутацияға ұшыратады. Ауыздан шыққан кез келген сөз біздің және ұрпағымыздың өміріне өз әсерін тигізетін толқынды генетикалық программаға айналады.

№2 тәжірибе

Тәжірибе барысында донордан ДНК-ның лейкоциты алынып, электрлік зарядын өлшеу үшін арнайы камераға орналастырылды. Тәжірибе барысында донорды екі бөлмеге орналастырды әрі адамның көңіл күйіне түрліше әсер ететін, яғни, түрлі эмоция тудыратын видеоклиптер көрсетілді. Ал оның ДНК-сы өзге бөлмеде. Донорды да, оның ДНК-сы бақыланды. Донордың эмоциясы шарықтағанда (электрлі импульсі қарқын алғанда) ДНК-сының да электрлі импульсі донордың эмоциясының көрсеткішімен деңгейлес келген. 

Күн сайын бірнеше адаммен байланыс жасаймыз, әрбір амандасып, қол алысқанда біздің алақан табымызда оның тері жасушасы мен ДНК-сы қалып қояды. Біздің тері жасушамыз бен ДНК-мыз оған беріледі. Денеміз жанасу арқылы сол адаммен байланысты сақтай аламыз ба? Егер сақтай алсақ, бұл байланыс қаншалықты мықты?

Бакстер тәжірибесі мынадай тұжырымдар жасауға итермелейді:  

-       Тірі тіндер бұрыннан белгісіз энергетикалық поля арқылы байланысты;

-       Осы энергетикалық поля арқылы адам жасушасы мен одан бөлінген ДНК үлгісі өзара байланыста болады;

-       Адамның сезімі ДНК-ның бөлінген үлгісіне тікелей әсер етеді;

-       Аталмыш эффекті кез келген қашықтықта бірдей көрініс табады.

№3 тәжірибе

Бұл тәжірибені Жүрек математикасының институты жүргізген болатын әрі бұл тәжірибе Сібір жарасына тікелей қатысты. Плаценттің бірнеше ДНК-сы (ДНК-ның ең көне нұсқасы) оның өзгерісін өлшеуге (бақылауға) мүмкіндік беретін контейнерге орналастырылды. Тәжірибеге қатысушыларға алдын ала ескертіліп, өздерінің эмоциясын барынша терең көрсете алуы тиіс болды. Оларға плацент ДНК-сының 28 "көпіршегі" таратылды. Тәжірибеге қатысшулардың қай кезде қандай эмоцияны «бастан кешіруі» керектігі түсіндірілді. Тәжірибе барысы көрсеткендей, тәжірибеге қатысушылардың қандай сезімде болғанына қарай ДНК өзінің пішінін өзгертіп отырды. Олар сүйіспеншілік, мейрімділік, т.б. асыл сезімдерге берілгенде ДНК-дағы ширығу (кернеу) төмендеп, спираль жазылып, ұзара түссе, тәжірибеге қатысқандар үрей, қобалжу, ашу-ыза, т.б. қолайсыз әрі жағымсыз сезімдер жетегінде кеткенде ДНК шиыршықталып, қысқарып, біздің ДНК-кодымыздың көбісін ажыратып тастады. Кейін бұл тәжірибе ВИЧ-ке шалдыққан пациенттерге де жүргізіліп көрді. Асыл сезімдерге берілгенде дерт меңдеген организмнің ауруға қарсы тұру мүмкіндігі 300 000 есеге артқан. Грегг Брейден осынау тәжірибелердің нәтижесін қорытындылай келе күллі ғаламдағы барлық жаратылысты бір-бірімен байланыстыратын энергияның барын алға тартып отыр. Бұл энергияны ойша елестетсеңіз, көз алдыңызға тығыз тоқылған торды алып келеді. Біз өз әрекеттерімізбен, ойымызбен бұл торға әсер ете аламыз.

Осы орайда ақыретте адам тергелгенде оның көздері, құлақтары, қолдары мен аяқтары, т.б. дене мүшелері мен ағзалары куәгер болатыны ойға оралады. Адамның генетикалық жадысында қалып қоятын осы дүниедегі әрекеттері мен сөздері, бәлкім, қиямет қайымда оның жалған сөйлеуіне мүмкіндік бермейтін шығар... Бәрі мүмкін!

0 пікір
Мұрағат