Гидроэнергетиканың қоршаған ортаға келтірер үш залалы
Гидроэнергетиканың қоршаған ортаға келтірер үш залалы
4 жыл бұрын 2148 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Гидроэнергетика әлемдегі жаңғыртпалы ең ірі энергия көзі. Ол күн мен жел электр стансаларын қоса алғанда артығымен энергия бере алатын қуатқа ие. Десе де оның да кем-кетігі, дәлірегі, қоршаған ортаға келтірер зияны жетіп артылады. Өткен жылдың, яғни, 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі жаңғыртпалы энергия көздерінің жалпы қуаты2 351 ГВт-қа еткен. Оның жартысына жуығын (яғни, 1172 ГВт) гидроэнергетиканың қуаты құраған. Алайда, гидроэнергетиканың табиғатқа келтірген залалы да көп болды. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі Джефф Опперман Forbes мерзімді басылымына берген сұхбатында әлемдегі ең ірі өзендердің үштен екісінде ГЭС дамбалары тұрғызылған. Әлемдегі батпақты-сазды жерлердің шамамен 70%-ы осыдан едәуір зиян көрген. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, осынау тұшшы сулы экологиялық жүйеде тіршілік ететін жануарлар 1970-2014 жылдар аралығында 83%-ға кеміген. Бұл жантүршігерлік мәлімет Бүкіл әлемдік жабайы табиғатта қорғау ұйымының баяндамасында келтірілген. Бұл планетадағы биологиялық әр алуандылыққа қатысты ең ірі шығын. Осы орайда Джефф Опперман бұқаралық ақпарат құралдарына өз ренішін жеткізді: тілшілердің бар назары тропикалық орман-тоғай мен коралл жүйесіне ауып кеткен. Батпақты-сазды аумақтың экологиядағы маңызын елеп-ескере бермейді. ГЭС-тің қоршаған келтірер үш зиянына тоқталсақ: біріншісі – ауыл шаруашылығына жарамды алқаптар мен орман-тоғай су астында қалады. Екіншісі – тұшшы сулы экожүйеге қажетті ылғал мен қоректік заттарды жібермейді. Ал үшіншісі – балықтар миграциясына тосқауыл қойылған. Осының кесірінен балықтар жаппай қырылып, өсіп-өнуден қалған. Ғалым осылай дей келе кәрі құрлық пен америкадағы ГЭС-тердің өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынғанын әрі олардың тозғанын алға тарта отырып, жаңасын тұрғызғанда экологияға тигізер залалы барынша аз нұсқасын таңдауға мүмкіндік барын жеткізді. Ал Азия мен Африкада ГЭС құрылысы енді тұрғызылып жатыр. ГЭС құрылысы үшін орман-тоғай аяусыз оталып, өзендерді арнасынан бұрып жатыр. Ең қауіптісі қоршаған ортаға келтірер залалы ескерілмей салынып жатыр.

0 пікір
Мұрағат