Адамзатты пластиктен «құтқаратын» бактерия ойлап табылды
Адамзатты пластиктен «құтқаратын» бактерия ойлап табылды
5 жыл бұрын 3340 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пластик қоршаған ортаға тигізер орасан зор зиянымен бүгінгі таңда әлем елдерінің бас ауруына айналған мәселелердің бірі. Пластиктің экологияға төндіріп отырған қауіп-қатерін ескерген әлемнің бірқатар елі палстикті пайдалануға тыйым салып жатыр. Соған қарамастан адамзатты пластикті пайдаланудан біржола тыйып тастау мүмкін емес. Өйткені, күнделікті қажетке жарайтындығымен ыңғайлы. ГМО-бактерия қоршаған ортаны ластану проблемасын шешіп бере алады. Біз сөз етіп отырған аталмыш бактерия пластикті ірітіп жібере алады. Тау-төбе пластик қоқысты залалсыздандыратын бактерияны Миранде Вэнг және Джинни Яо есімді жас ғалымдар ойлап тапты.

Миранде Вэнг және Джинни Яо

Олардың ойлап тапқан бактериясы пластикті кәдімгі полимер мен көмірқышқыл газына айналдыра алады. Осы жаңалығы үшін олар Перлман сыйлығының ең жас иегері атанды. Миранде Вэнг пен Джинни Яоға аталмыш бактерияны жасауы үшін 400 мың доллар қаржы бөлінді. Олар бактерияны өнеркәсіпте қолдануға дайын кезеңге жетті. Қазіргі уақытта олар өздері ойлап тапқан бактерияның пластикті өңдеу жылдамдығын арттыру, пластиктің биологиялық ыдырауын тездету бағытында тер төгіп жүр. Ғалымдар аталмыш бактерияны әлемдік мұхитты пластиктен тазартуда пайдалануды көздеп отыр. Яғни, пластик жинайтын қалқымалы реакторда. Жиналған пластик агрегаттың ішкі сыйымдылығында өңделетін болады. Пластикті өңдеудің кезеңі 24 сағатқа созылады, яғни, бір тәулік ішінде одан тек су мен көмірқышқыл газы ғана қалады. Ал ыдыраған полимерді бактерия жейді немесе пластикті қайта жасауда пайдаланылады. Бұдан бөлек, бұл технологияны киім-кешекке арналған шикізат ретінде пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат