Экологияға қауіпсіз пластик ойлап табылды
Экологияға қауіпсіз пластик ойлап табылды
5 жыл бұрын 3397 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швеция ғалымдары қоршаған ортаға қауіпті емес пластик ойлап тапты. Бұл жайында шведтердің Sveriges Radio SR ақпарат көзі хабар таратты. Пластиктің бұл жаңа түрін Лунда университетінің ғалымдары ойлап тапты. Ол кәдімгі ашытқының көмегімен жасалады. Одан полимер алынады. Ашытқыдан жасалған пластик тез ыдырап, топыраққа сіңіп кетеді. Соған қарамастан ол біз күнделікті қолданып жүрген пластик секілді мықты. Ашытқыдан жасалған пластик құрамында улы заттар мен формальдегид атымен жоқ. Бұл пластик, әсіресе, тағамдарды сақтауды, орамында пайдалануда, т.б. зиянын тигізбейді.

0 пікір
Мұрағат