Адам миы жағымды иіске қарағанда жағымсыз иісті тез қабылдайтын болып шықты
Адам миы жағымды иіске қарағанда жағымсыз иісті тез қабылдайтын болып шықты
2 жыл бұрын 1768 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары адам миында түрлі иістер туралы ақпараттардың қашан және қайда өңделетінін зерттеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің ғалымдары ақпараттарды өңдеудің иіс сапасына байланысты екеніне көз жеткізген: ми ең алдымен жағымсыз иістерді тез қабылдайтыны әрі иісті танитыны белгілі болған. Токио университетінің ғалымдары бұл атарапта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мидағы мұндай ақпаратты өңдеудің бастапқы кезеңдерінде оны танумен ешқандай байланысы болмайды. Дегенмен, кейінгі кезеңдерде жағымсыз иістер жағымдыға қарағанда тезірек өңделетін болып шықты. Жапон ғалымдары иісті адамның мұрын қуысына дәл жеткізетін арнайы құрылғы ойлап тапты. Қатысушылар ми сигналдары электроэнцефалография (ЭЭГ) көмегімен жазылған кезде он түрлі иістің қасиеттерін бағалады. Зерттеушілер алынған деректерді машиналық оқыту әдістерімен өңдеді – бұл тәсіл мидың әртүрлі иістерді қашан және қайда өңдейтінін бұрын-соңды болмаған кеңістіктік және уақытша ажыратымдылықпен, яғни, кеңістікке де, мезгілге де қатысты нақты көруге мүмкіндік берді. ЭЭГ-дегі (электроэнцефалография) алғашқы сигналдар иістің «алғашқы легінен» кейін 100 миллисекундта пайда болды. Осылайша, ол туралы ақпарат миға өте жылдам берілетіні анықталды. Ми иістерді субъект (адам) саналы түрде қабылдағанға дейін анықтады, бұл процесс бірнеше жүз миллисекундтан кейін ғана орын алған. Иіс сипаттамалары, оның ішінде жағымды немесе жағымсыздығы ми қыртысында әртүрлі кеңістіктік және уақытша өңдеу арқылы кодталған. Иістің жағымсыздығы туралы ой мида жағымды және басқа қасиеттерге қарағанда ерте пайда болған. Шіріктің немесе борсыған еттің күлімсі иісі сияқты жағымсыз иістерді бейтарап және жағымды иістерден қатысушылардың миы «алғашқы легінен» кейін 300 миллисекундта ғана ажыратқан. Сонымен қатар, жағымды иістерді, мысалы, түсті немесе жемісті тану тек 500 миллисекундтан кейін ғана пайда болды - шамамен бір уақытта субъект өзіне қандай иіс ұсынылғанын кезден сәл кешігіп түсінген. Иіс пайда болғаннан кейін 600-850 миллисекундтан кейін мидың эмоционалды және мағыналық (мазмұндық) өңдеуге қатысатын аймақтары, сонымен қатар, есте сақтау аймағы белсенді режимге енген. Ғалымдардың пікірінше, жағымсыз иістерді ерте сезіну ықтимал қауіптер туралы ерте ескерту жүйесі ретінде дамыған болуы мүмкін. Иіс сезбеу немесе иіс сезу қабілетінің бұзылуы Паркинсон және Альцгеймер сияқты нейродегенеративті аурулардың ерте симптомы болуы мүмкін, сондықтан иістерді өңдеудің нейробиологиялық негіздерін зерделеу өз кезегінде мұндай ауытқуларды тереңірек түсінуге және дер кезінде диагностикалаудың жаңа әдістерін табуға көмектеседі.

Участница эксперимента

Тәжірибе жүргізу сәті. © Mugihiko Kato

0 пікір
Мұрағат