Арабиядағы бір трлн долларға бағаланған, болашақтың қаласы атанған жобаның визуализациясы (видео)
Арабиядағы бір трлн долларға бағаланған, болашақтың қаласы атанған жобаның  визуализациясы (видео)
2 жыл бұрын 3001 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұзындығы 170 шақырымға жететін, тік сызық түріндегі, құрылысы мен құрылғысы 1 трн долларға бағаланып отырған өзгеше футуристік қала бой көтереді. Саудия аумағында, дәлірегі, Қызыл теңіз жағалауында. Бұл жайында islam.kz порталы twitter әлеуметтік желісіндегі аталмыш жобаға арналған парақшаға (@NEOM) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды зерде биіктігі 500 метр, ені 200 метр болатын, климаты бақыланатын, яғни, климаты қолдан басқарылатын кешенде орталық рөл атқарады. Neom жобасының алғашқы кезеңі толығымен жаңғыртпалы энерги көзімен жұмыс істейтін Line ақылды қаласынан тұрмақ. Бұл желі үш деңгейден: жаяу жүргіншілерге арналған жер үстін, инфрақұрылымға арналған жерасты және көлікке арналған басқа жерасты кеңістігін қамтиды. Жүрдек пойыз тұрғындарға қаланың бір шетінен екінші бөлігіне сағатына 512 шақырым жылдамдықпен жетуіне мүмкіндік береді. Өмірге қажетті барлық нысандар жаяу қатынайтындар үшін 5 минуттық жерде орналасады. Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрмені бойынша амбициялық жобаның алғашқы сатысына шамамен 320 млрд доллар жұмсалады. Ханзаданың айтуынша, бұл модел адам өмірінің сапасын күрт төмендететін қалалардың жөнсіз дамуын алмасытра алады. Neom жобасы аясында 380 мың адамға жұмыс орны ашылады. Статистикалық әрі демографиялық болжам бойынша Саудия аумағында 2030 жылға қарай шамамен 50 млн адам тұрады. Олардың жартысын шетелдіктер құрамақ.

0 пікір
Мұрағат