Адам ДНК-сын өзгертуге талпынып жатыр
Адам ДНК-сын өзгертуге талпынып жатыр
6 жыл бұрын 4378 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайда 2015 жылдан бері адам ДНК-сын өзгерту бағытында зерттеу жұмыстарын тынбай жүргізіп келеді. Wall Street Journal мерзімді басылымның таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, әлемнің өзге елдерінде мұндай зерттеуге заң жүзінде қатаң тыйым салынса, аталған елде керісінше толық еркіндік берілген. Яғни, генетикалық модификациялауға (адам тұқымын түрлендіру) қатысты қандай да бір тәжірибеге тыйым салынғандықтан қытай ғалымдары бұл мәселеде алға озып барады. Яғни, біршама жетістікке жеткен. Десе де Қытай билігі мұндай тәжірибеге неге көз жұма қарап отыр немесе көздеген мақсаты неде? Адам ДНК-сына қатысты зерттеу неден басталып еді өзі бұл елде? Себептердің бірі ісі аурулары алдымен адам ДНК-сында орын алатын өзгерістерге байланысты туындайды. Қытай ғалымдары жасуша кеселге душар болған кезде мутацияланған генді түзету арқылы оның бастапқы қалпына келтіруге күш салып жатыр. Айта кету керек, Қытай заңына сәйкес мұндай тәжірибе өз еркімен келіскен адамдарға жүргізуге мүмкіндік береді. 2015 жылдан бері тәжірибеге 86 адам қатысқан. Өз еркімен. Олардың дені ісік дертіне шалдыққандар. 

0 пікір
Мұрағат