Тыңшылыққа таптырмайтын, көзге көрінбейтін жазып алу құралы (видео)
Тыңшылыққа таптырмайтын, көзге көрінбейтін жазып алу құралы (видео)
6 жыл бұрын 5711 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяның мамандары дауысты жазып алатын әрі жазып алынған дауысты естуге мүмкіндік беретін тыңшылық құрал ойлап тапты. Оны адам терісіне жапсырып алуға болады әрі оны ешкім байқамайды. Көзге шалына бермейтін наномембрананы Ульсандағы ұлттық ғылым және технология институтының мамандары жасап шығарған. Бұл құрылғы жұқа әрі мөлдір жапсырма секілді. "Біздің гибридтік наномембрана кез келген қисық әрі тайғанақ теріде еш зиян келтірмей тығыз байланыс орната алады",- деді ғалымдар. Оның жұмыс істей механизмі қарапайым: егер пленка динамика ретінде қосылса, онда ол сымсыз интерфейс бойынша гаджеттің дыбыс шығаратын құрылғысына қосылады, ал одан өткен ток оны және оның маңындағы ауаны жылытып, осының арқасында дыбыс шығарады. Микрофон режимінде керісінше процесті өткізеді: пленка дыбыс жиілігін "өңдейді", ол өз кезегінде диктафонға жазылып қалады. Мұндай девайсты дауыспен немесе қимылмен басқаруға болады. Ғалымдар сендіргендей, қимылды тануы 98 пайызға дәл шыққан. Бұл жақсы нәтиже. 

 

0 пікір
Мұрағат