Қазақстанда 3,2 млн теңге жасанды ақша анықталды
Қазақстанда 3,2 млн теңге жасанды ақша анықталды
6 жыл бұрын 3080 7kun.kz

Жасанды банкнот шығару бойынша Алматы бірінші орында тұр.

2018 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанда 3,2 млн теңгені құрайтын 722 жасанды ақша белгісі жасалғаны анықталды. Елімізде 711 купюра мен 11 тиын ақша қолдан жасалған.

«Егер, өткен жылдың балама кезеңімен салыстырсақ, жасанды ақша белгілері 29%-ға төмендеген. 2017 жылдың І жартыжылдығында 1021 дана жасанды купюра анықталған болатын. 2018 жылы көбіне 2 мың теңгелік купюра қолдан жасалған – 383 дана. Одан соң 10 мың теңге – 163 дана немесе 22,4%, 1 мың теңге – 79 дана, яғни 10,96%, қалған 13% басқа купюралардың еншісінде», — деп мәлімдеді бақылау ведомствосында.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, жасанды банкнот шығару бойынша Алматы бірінші орында тұр, ол жақта 445 дана жасанды купюра анықталған. Екінші орында – Астана қаласы. Елордада 91 жасанды банкнот шығарылған. Шығыс Қазақстан облысы 56 дана жасанды ақшамен үшінші орында.

Жыл басынан бері 330 мың тонна қалдық қайта өңделді

ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Биыл 8 айда 3 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық түзілді. Оның ішінде 330 мың тоннаға жуығы қайта өңделді. Бұл түзілген көлемнің 10,5 процентін құрайды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 9 процентті құраған болатын. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға қарай 40%-ке, 2050 жылы 50%-ке жеткізу міндеті тұр», - деді Энергетика вице-министрі.

Ол елімізде қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуден соң 20-дан астам өнім шығаратын 100-ден астам кәсіпорын барын атап өтті. 

0 пікір
Мұрағат