Түнде шомылғыңыз келсе, Дубайға барыңыз (видео)
Түнде шомылғыңыз келсе, Дубайға барыңыз (видео)
7 жыл бұрын 3104 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде түнгі жағажай ашылды. Тәуліктің қараңғы мезгілінде шомылғысы келетіндер Дубай қаласындағы Умм Сукейм саябағында ештеңеден қауіптенбей суде еркін жүзіп, демалуына болады. Аталған жағажайда 84 құтқарушы жұмыс істейді. Әрі жарықтандырудың өзгеше желісі қараңғылықтың кесірінен суға батып кетуден қорғайды. Туристер мен қала қонақтары және тұрғындары кеш батқаннан түн жарымына дейін жағажайда бола алады. Бұған қоса, күн энергиясымен және жел энергиясымен жұмыс істейтін "ақылды" маяк көз жетер жерге шейін жарық шашып тұрады. 

 

0 пікір
Мұрағат