Төңіректегі микрофоннан шығатын дыбысты құмықтыратын білезік жасалды (видео)
Төңіректегі микрофоннан шығатын дыбысты құмықтыратын білезік жасалды (видео)
4 жыл бұрын 1800 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Чикаго университетінің ғалымдары төңіректегі микрофондардан шығатын дыбысты құмықтыра алатын электронды білезікті тәжірибе жүзінде жасап шығарды. Бұл жайында Kod.ru ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш құрылғыда қайда бағытталғанына қарамастан маңайдағы микрофондардан шығатын дыбысты құмықтыруға арналған 24 динамика жиілік ультрадыбыс диапозонында кедергіні генерациялайды. Дыбыс диапазонына даңғаза шу ретінде енетін, қажетті сигналды естіртпейтін тұтынуға арналған микрофондардан шығатын дыбыс көбісі ультрдыбыс сигналы алдында дәрменсіз. Микрофондар иесі жария қылғысы келмейтін кез келген сөзді құмықтыра алатын статикалық шу түрінде қабылдайды. «Ақылды» динамиктер (дауыс көмекшісінің аппараттық элементі) және микрофондарды соңғы уақытта миллиондаған интернет пайдаланушысы қолданып жүр. АҚШ-тағы бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық қауымдастығының келтірген дерегіне қарағанда, аталмыш елдің ересек тұрғындарының 24 %-ы үйінде смарт-дин.амика ұстайды. Осылайша өздерінің жеке өмірінің құпиясын дауыс көмекшісін әзірлейтін Amazon және Google секілді алпауыт компанияларға «сеніп тапсырған».

 

0 пікір
Мұрағат