Аспан түсті табиғи жарық шашатын шам (видео)
Аспан түсті табиғи жарық шашатын шам (видео)
4 жыл бұрын 2340 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапониядағы кеңселер батыс әлемінен көп айырмашылығы бар. Солардың ішінде кабина жоқ – бұл өз кезегінде клерктерді клаустрофобиялық, яғни, адамның тынысын тарылтатын тар жерде қамалып қалу үрейінен сақтайды. Десе де күншығыс елінің кеңсе қызметкерлері басқа қолайсыздықтан зардап шегеді. Атап айтқанда, жапондар көп жағдайда кеңседе қонып қалып жұмыс істейтін халық. Сол себепті, жарықтың тым шаншылып түсетін өткірлігінен немесе жарықтың жетіспеушілігінен де стресс алады. Осыны ойлаған, яғни, қызметкерлердің еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыру үшін Mitsubishi Electric компаниясы барынша табиғи жарықты, яғни, көгілдір аспанды еске түсіретін шам жасап шығарды. Бұдан бөлек, түс температурасы да өзгеріп тұрады – таңертең, бесін, екінті мезгілдеріне қарай құбылып, табиғи реңк беруге тырысады. Аталмыш инновациялық шамды тек кеңседе ғана емес, сонымен қатар, емханалар мен өзге де адам тынығатын үй-жайларда орнатуға болады. Бұл шам қондырғысы биыл, күзде саудаға шығарылады. Қашықтан пульт арқылы қолмен басқарылатыны 6,2 мың доллар тұрады. Ал автоматтандырылған түрі – 6,8 мың доллар.

0 пікір
Мұрағат