Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары ең көп ұйықтайды
Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары ең көп ұйықтайды
5 жыл бұрын 3521 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті
Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитет мынадай қызықты дерек келтіріп отыр: Жамбыл облысының тұрғындары еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарына қарағанда ұйқыға көбірек уақыт "бөледі". Дәлірегі, аталмыш облыс тұрғындары орташа есеппен 9 сағат 48 минут ұйықтайды. Ал ең аз ұйықтайтындар Түркістан облысының тұрғындары болып шықты - 8 сағат 42 минут. Сондай-ақ, статистикалық комитет еліміздегі әйелдердің дені үй шаруашылығына (ас пісіру, кір жуу, ыдыс-аяқ жуу, үй жинау, т.б.) қанша уақытын жұмсайтынын да жария етіпті. Орташа есеппен алғанда - 4 сағат 48 минут. Ал еліміздегі 10-14 жас аралығындағы балалар білім алуға орташа есеппен шамамен 4 сағат 36 минутын жұмсайды екен. Ер-азаматтар арасында Солтүстік Қазақстан облысындағы ерлердің бос уақыты көп болып шықты - 5 сағат 44 минут. Ал Жамбыл облысының ер-азаматтарының бос уақыты - 3 сағат 58 минут. 
 
Аталмыш статистикалық комитет мұндай мәліметті неге сүйеніп немесе қандай дереккөзінен алғанын мәлім етпеді. 
 
0 пікір
Мұрағат