Ең лас елдер рейтингісі немесе «қоқыс дерек»
Ең лас елдер рейтингісі немесе «қоқыс дерек»
5 жыл бұрын 7930 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өнеркәсіп пен тұрмыстық қоқыстан адамзат тұншығып немесе індеттен өлмесі үшін оны өңдеуге мәжбүр. Алайда, шындығында солай ма? Әлемдегі қоқыстың тек үштен бірі бөлігі ғана залалсыздандырылады екен. Қоқыстың көбісі көмір өнеркәсібінен, металлургиядан, жылу электр стансаларынан, ауыл шаруашылығындағы агрохимиядан тау-төбе болып жиналуда. Олардан бөлінген улы заттар мен қалдықтар қоршаған ортаға орасан зиянын тигізіп, күллі тіршілікке қауіп төндіруде. Мәселен, алысқа бармай-ақ, әлемдегі алып держава саналатын Ресейдің бір өзінде жыл сайын кем дегенде 3,5 млрд тонна қоқыс өңделеді екен. Олардың 2,6 млрд тоннасы – өнеркәсіптік, 700 млн тоннасы – мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының сұйық қалдықтары, 42 млн тонна – қатты тұрмыстық қалдық, т.б. Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылы адамзат күнінен 6 млн тонна қоқыс тастайды, ал 2090 жылы тәулігіне өңделетін қоқыстың өзі 10 млн тоннадан асатын болады. Қоршаған ортаны қоқыстан қорғау үшін батыс елдері эко-мәдениетті жолға қойып, қоқысты залалсыздандыратын әрі өңдейтін технологияларды жетілдірумен келеді. Ал біз сөз етіп отырған Ресей аумағындағы қоқыс үш жолмен жойылады: біріншісі – өртеу, екіншісі – арнайы орында сақтау немесе өңдеу. Әрбірден соң бұл елдегі қоқыстың 80%-ы арнайы орында сақталатындықтан бұл мәселенің түйіні шешілді дей алмайсыз. Ең қауіпсіз жолы болып табылатын өңдеуден тек қоқыстың 3-ақ пайызы өтеді. Көбіне көміп құтылады. Нәтижесінде қоқыстан бөлінген улы заттар жер бетіне шықпай тұрмайды. Бұл өз кезегінде адамзат пен күллі тіршілікке қауіп төндіреді. Ал Қытайға келсек, бұл ел қоқысты сырттан импорттайтын санаулы мемлекеттердің бірінен саналады. Мәселен, 2016 жылы әлемдік қоқыстың 50 пайызын сырттан тасымалдаған екен. Қоқысты импортттаудан бірінші орынға шыққан ел. Қоқысты негізінен өңдеп, түрлі бұйымдар өндіреді, алайда, 2017 жылы елдің экологиялық ахуалы әлем қауымдастығы тарапынан қатаң сынға ұшыраған соң қоқысты импорттауды дереу тоқтатты.  Ал лас елдер қатарында көш бастаған елдердің көбісінде, мәселен, Кенияда қарапайым тазалық талаптарын сақтауға көмектесетін кәдімгі канализацияның болмауы немесе Мексика секілді елдерде ауыз судың шектен тыс ластануы түрлі індет ошағына айналдыру қатерін тудырып отыр. Сондай-ақ. Осы тізімнің бас жағынан көрінген Индонезияның лас елдер қатарына қосылуына өндіріске су ресурсының пайдаланылуы себеп болып отыр. Мәселен, аталмыш ел аумағындағы Шитарум өзенінің суын 2000-нан аса кәсіпорын пайдаланады екен. Нәтижесінде аталған өзен суының құрамында алюмини мен қорғасынның шоғырлануы рекордтық деңгейге жеткен. Гана секілді осы тізімнен көрінген ел жылына 200 тонна электрондық қоқысты импорттайды. Өндіріске пайдаланылмағандары қоқысқа тасталады. Ондағы жезді, т.б. бағалы металдарды алу үшін халық қоқысты ақтарады. Есесіне ауру жамап алып жатыр. Аталған ел астанасы ең лас орындардың бірі. Әлем бойынша. Аталмыш рейтингте көш бастаған Үндістандағы бұл проблема тек халықтың көптігі әрі тығыз орналасуымен ғана емес, сонымен қатар, қарапайым тазалық талаптарын сақтамаумен де, яғни, тазалық мәдениетінің қалыптаспайымен де байланысты ерекшеленеді. 

Әлемнің ең лас елдерінің рейтингісі түзілгенде мынадай факторлар ескеріледі: ауаның ластану деңгейі, адамдардың өмір сүру ұзақтығы, экологиямен байланысты өлім-жітім, атмосфера мен су көздерінің ластану деңгейі. Аталмыш рейтингті Халықаралық энергетикалық агенттік пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы түзеді.

0 пікір
Мұрағат