Саудияның экономикалық реформасы құрдымға кетеді
Саудияның экономикалық реформасы құрдымға кетеді
5 жыл бұрын 3323 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, өзін реформатор ретінде көрсетуге тырысқан Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманның соңғы уақыттағы өзі шыққан ортаны өзіне қарсы қойып, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықты желеу етіп, билігіне қауіп төндіретін тұлғаларға қарсы майдан ашқаны, Израил-Палестина дағдарысқа ұласқан жанжалды реттеуде израилдіктердің жоғын жоқтап, бұдан бөлек тағы басқа саяси қате қадамдарға барғаны турасында кеңінен тарқатып, талдап жазған едік. Оның оппозициялық бағыттағы тілші Жамал Қашқыжының Стамбұл шаһарындағы Саудия елшілігінде қастандықпен өлтіруге тапсырыс бергені әлем қауымдастығының ашу-ызасын тудырды. Тақ мұрагерінің бірінен кейін бірі іле-шала жасалған ағат жүрістері тек саясаткерлерді ғана емес, бизнес өкілдерінің де оған сенімсіздігін тудырып отыр. Осыған байланысты, дәлірегі, инвестиция құятын бизнес өкілдерінің теріс айналуына байланысты тақ мұрагерінің ел экономикасын әртараптандыру (диверсификациялау) бағытында қолға алған ең ауқымды жобалардың біріне қауіп төнді.  Бұл арада болашақтың қаласы атануы тиіс NEOM жобасы турасында сөз болып отыр. Financial Times ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, 500 млрд долларға бағаланған аталмыш жобадан тек инвесторлар ғана емес, сонымен қатар, әлемге әйгілі Норман Фостер секілді сәулетшілер бас тартып жатыр. өз репутациясына кір келтірмесі үшін. Естеріңізде болса, Билл Гейтс секілді көрнекті тұлғалар да тақ мұрагерінің жобаларынан бойын аулақ салып жатқанын кезінде хабарлаған болатынбыз. Бір сөзімізде тақ мұрагерінің бәсекелестерін реформалық бастамаларымен, технологиялық портфелімен ұтатынын айтып өткенбіз. Тақ мұрагерінің болашағы оның алдағы жоспарымен байланысты. 

0 пікір
Мұрағат