Қазақстандықтарды шошытқан "улы жәндіктің" не екені белгілі болды (фото)
Қазақстандықтарды шошытқан "улы жәндіктің" не екені белгілі болды (фото)
7 жыл бұрын 25726 tengrinews.kz kleinburd.ru

Мессенджерлер арқылы таратылған белгісіз жәндіктің суретіне қатысты энтомолог маман пікір білдірді.  Биология ғылымдарының докторы, "Зоология институты" РМК-ның зоология зертханасының қызметкері Перизат Есенбекова, суреттегі жәндік Belostomatidae тұқымдас су қандаласы екенін айтады. Бұл ең ірі жәндіктер қатарынан саналады, оның ұзындығы 10 сантиметрге дейін жетеді. 

Сарапшы маман бұл жәндіктің өлімге әкелетінін жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл жәндік балық және шабақтарымен қоректенеді.  "Бұл қандала адамдарды суға түскен кезде аяқтан немесе бақайларынан тістейді. Дегенмен ол улы емес, бірақ, ауыртатынын айту керек. Олар өзінен ірі қарсыласпен бетпе-бет келгенде, соның ішінде адаммен айлаға көшіп, өлген бола қалады", - деп түсіндірді Есенбаева.  

Маман бұл жәндіктер Қазақстанда мекен етпейтінін атап өтті. 

"Қазақстанда кездеспейді, Оңтүстік Африка, Шығыс Азия, Оңтүстік Шығыс Азия, Қытайдың солтүстік шығысында, Корея және Жапонияда, сонымен қоса, бұл жәндіктің тұқымдастары Солтүстік Америкада мекендейді", - дейді биолог.  Есенбаева қазақстандықтарды үрейлендірген бұл жәндіктің түрі бізге таңсық болғанымен, мұндай тұқымдастар үшін қалыпты болып келетінін айтады.  "Аналығы аталығының арқасына жұмыртқалайды. Ол жерде ұзақ уақыт (10-12 күн) жүріп, жетіледі", - дейді Перизат Есенбаева. 

0 пікір
Мұрағат