Emirates әуе компаниясын Қазақстан нарығына кіргізбей жатыр
Emirates әуе компаниясын Қазақстан нарығына кіргізбей жатыр
7 жыл бұрын 2807 naryk.kz

Emirates әуе компаниясы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен Қазақстанға әуе рейстерін жасау туралы келіссөздер жасап жатыр, деп мәлімдеді “Алматы Халықаралық әуежайы” АҚ президенті Айбол Бекмұхамбетов.

«Emirates компаниясы әлемдік ең ірі 10 әуе компаниясының қатарында. Оларда  Airbus А380 секілді ұшақтары бар. Менің ойымша, рейс неғұрлым көп болса, әуе қатынасы соғұрлым арзан болады. Бәсекелестік пайда болады», — дейді Айбол Бекмұхамбетов.

Emirates министрлікпен жарты жыл бұрын келіссөздерді бастаған. Мемлекет отандық компаниялар үшін басымдылық бергендіктнен, тараптар әлі келісе алмай жатыр.

Мемлекет Қазақстанда ешбір шетелдік компанияны ұшырғысы келмейді. Мәселен, Air Astana аптасына үш рет Дубайға қатынайды. Ал олардың компаниялары үш рет бізге ұшады.

«Біз ашық аспан болғанын қалаймыз. Кез келген компания әуежай рұқсатын ала алады. Бірақ, мемлекет шектейді. Олар біздің әуе компаниялары бәсекеге жарамай қалады деп қорқады», — дейді әуежай президенті.

Осы себептен де Қазақстандағы билет құны қымбатқа соғуда.

0 пікір
Мұрағат