ҒАЛЫМДАР КРОССОВКАМЕН ЖҮГІРУДІҢ ЗИЯНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТТІ
ҒАЛЫМДАР КРОССОВКАМЕН ЖҮГІРУДІҢ ЗИЯНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТТІ
8 жыл бұрын 2674 24.kz inform.kz

Австралиялық ғалымдар жүгіру кезінде арнайы спорттық аяқ киім табанға теріс әсер етеді деген тоқтамға келді. Бұл туралы «Journal of the Royal Society Interface» журналында жазылды. Квинсленд университетінің ғалымдары тәжірибеге қатысу үшін жеті қыз-келіншекті (орташа жасы 19) және тоғыз ер адамды (орташа жасы 24) шақырды. Олардың барлығы жүгірумен шұғылданған, бірақ кәсіби спортшы емес. Қатысушылар тредмила бойынша теріге бекітілген қысымды, бұлшық еттердің электр-амгниттік сигналдарын өлшейтін жабдықпен бір мәрте жалаңаяқ, екінші жолы спорттық аяқ киіммен жүгірді. Кроссовки киіп жүгіру өкшесі 30 мм болғандықтан табанның ішкі бұлшықеттерінің белсенділігін арттырады, әрі мөлшерден тыс күш түсіреді. Осылайша, спорттық аяқ киім 40 жыл жетілдіріліп келгеніне қарамастан табанның биомеханикасын бұзатыны анықталды. 

Саябақ мамандары ешкінің көмегімен арамшөпті жоюдың тың әдісін тапты

ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі саябақ мамандары арамшөпті жоюдың арзан әрі экологиялық таза тәсілін тапты. Парк бұл мақсатта ешкілердің көмегін пайдаланатын болды. Қызметкерлердің айтуынша, бөктерге оңай өрмелейтін бұл жануарлар тек арамшөпті таңдап жейді екен. Бұл амал жұмысшыларды жалдаудан гөрі арзанға түседі. Саябақ мамандары ешкілерді екі айға жалға алған. Әзірше текелер қоршалған шағын көгалда жүр. Егер тәжірибе сәтті өтсе, оларды бүкіл парктегі арамшөпты жоюға жібермек. Бұған жергілікті тұрғындар да қуанып жүр. «Нью-Йоркта онсыз да ауа лас, құрамында қорғасын көп. Сол себептен арамшөпті экологиялық таза әдіспен құрту дұрыс қадам деп санаймын», - дейді Нью-Йорк тұрғыны Джейсон Маллингс. 

0 пікір
Мұрағат