Ауызашарда асқа қол созбаған мұсылмандар... (видео)
Ауызашарда асқа қол созбаған мұсылмандар... (видео)
8 жыл бұрын 4807

Жуырда «Собрание» мәдени-ағартушылық бағыттағы қоғамдық бірлестік қауымдастығының кеңсесінде «Ауызашарда аш қалу» деп аталатын акция өтті. Бұл шара қасиетті айда соғыс пен аштықтың азабын тартып жатқан әлемнің әр түкпіріндегі мұсылмандарға қолдау білдіру мақсатында қолға алынған еді. «Ауызашарда да аш қалу» акциясында күні бойы ораза ұстағандар тек су ішіп, құрманы ғана қанағат етеді. Осылай ету арқылы Африка құрлығындағы, Пәкістан мен Сирия секілді соғыс өрті шарпыған, аштық жайлаған елдердегі діндес бауырларының басындағы жағдайға ортақтасады. Оның үстіне, Пайғамбарлар падишасы (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) да тойып ас ішпей, тек сумен немесе құрмамен ауыз ашатынын ескеріп, яғни, сүннетін орындады. Саңлақ сахаба, екінші халифа Омар ибн Хаттабтың қоластындағы халқының жағдайына қарап, тек сумен және нанмен шектелгені қарт тарихтан белгілі. Халықтың тұрмысы қашан түзелгенше осы әдетін тастаған емес. Ауызашар кезінде акцияға қатысушылар осы заманғы мұсылмандар басындағы мәселелерді сөз етті. Аталған акцияға тілшілер, жастар ұйымының мүшелері, қоғам белсенділері, т.б. қатысты. Осындай ауызашардан кейін меймандар тарауық намазына тұрып, мұсылмандарға дұға етті.

0 пікір
Мұрағат