Мамандар пойыздың жылдамдығын 1 минутқа арттыру үшін екі жылын сарп етеді
Мамандар пойыздың жылдамдығын 1 минутқа арттыру үшін екі жылын сарп етеді
6 жыл бұрын 3460 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапониядағы East Japan Railway Company (JR East) компаниясы пойыз қозғалысының жылдамдығын сағатына 110-нан 130 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік беретін инфрақұрлым құрылысына екі жыл жұмсайды екен. Бұл өз кезегінде Уэно бекетінен Омия бекетіне дейін жолаушыларды 1 минут ерте жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жайында Nikkei ақпарат көзі хабар таратты. JR East инженерлері осыдан он жылдан аса уақыт бұрын пойыз қозғалысының жылдамдығын арттыруға талпынған екен, алайда, теміржол бойындағы тұрғындардың наразылығына тап болған. Пойыз жылдамдығы артқан сайын оның шуы да артып салады. Бұдан бөлек, күншығыс елінің қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өз талаптары бар. Оны да ескермесе, болмайды. Осыған байланысты компания өкілдері бұл олқылықты жою үшін теміржолға дыбысты өзіне "сіңдіріп" алатын ерекше панел төсемек. Бұған екі жыл уақыт кетеді. Қайткен күнде де бәсекелестерінен алды болу үшін жолаушылардың әрбір минут уақыты үшін компаниялар осылай күреседі. 

0 пікір
Мұрағат