"Арзан ақшаның күні батып барады": Сауда соғысы - әлемдік дағдарыстың басы ғана...
"Арзан ақшаның күні батып барады": Сауда соғысы - әлемдік дағдарыстың басы ғана...
6 жыл бұрын 2625 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ардагер инвестор Марк Мобуис Сингапурдегі сұхбатында былай көсіліпті: "Сөз жоқ, бізді қаржы дағдарысы күтіп тұр, өйткені, біз арзан ақша дәуірін артқа тастап барамыз... Арзан ақша есебінен жұмыс істеп келе жатқан компаниялардың көбісіне бұл оңайға соқпайды". Оның айтуынша, қазан қақпағын ұстаған Федералды резерв жүйесінің және еуропалық орталық банктердің монетарлық саясатын оңтайландыру бағытындағы жасаған қадамарына байланысты өтімділіктің қатаңдануы дамушы нарықтарға өз салқынын тигізбей қоймайды. Оның үстіне, доллардың нығаюы да бұған өз әсерін тигізбек. Дамушы нарықтардың MSCI валюта индексі шамамен 6 пайызға төмендеген. Наурыз айының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда. Бұл өз кезегінде Түркияның, Аргентинаның, Индонезияның және өзге де елдердің орталық банктерін айырбас бағамына қолдау көрсетуі тұру үшін ставканы көтеруге итермелеген. Ставканы өсіру бүгінгі қиындықты еңсеруге көмектескенімен ол болашақта қарызы көп елдердің өзіне қарсы теріс әсер етпек. 

0 пікір
Мұрағат