Күйік шалған адамдарды емдеуге арналған төсек шығарылады
Күйік шалған адамдарды емдеуге арналған төсек шығарылады
7 жыл бұрын 2829 Baq.kz

2007 жылдан медициналық құрал-жабдықтар мен жиһаздар шығаруды қолға алған Семей қаласының кәсіпкері Насихат Исабаева бүгінгі күні өнім түрінің санын 200-ге жеткізген. Сонымен қатар, жақын арада күйік шалған адамдарды емдеуге арналған төсек шығару қолға алуды жоспарлап отырғанын атап өтті. 

«Терра Вита» ЖШС-і шығаратын өнімдердің қатарында бактерицидті функционалды төсектер, суырмалы шкафтар, тамыріздегіш құрылғылар, тіс және урология кабинеттерінің жабдықтары бар. Биыл кәсіпорын өндіріс көлемін екі есеге арттырып, жұмыс орындарын көбейтуді көздеп отыр. Семейге жұмыс сапарының барысында облыс әкімі Даниал Ахметов өндіріс орнымен танысты.

- Бүгінгі күні 200 түрлі өнім шығарамыз. Бүкіл Қазақстан бойынша өкілдіктеріміз бар. Жақын арада күйік шалған адамдарды емдеуге арналған төсек шығаруды қолға алуды жоспарлап отырмыз. Мұндай төсектер тек Жапонияда шығарылады, - деді «Терра Вита» ЖШС-інің директоры Насихат Исабаева.

Өңір басшысы кәсіпорынның бәсекеге қабілетті екенін атап өтті.

- Сіздерге істеріңізді ілгерілету үшін «Даму» қоры ұсынатын шағын несие бағдарламасына қатысу керек. Облыстың ауруханаларын және мектептерін қажетті құрал-жабқытармен қамтамасыз етуге қатысу керек, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

0 пікір
Мұрағат