Сирия күрдтері Астанадағы кездесудің шешімдерін орындаудан бас тартты
Сирия күрдтері Астанадағы кездесудің шешімдерін орындаудан бас тартты
7 жыл бұрын 2318 inform.kz

Күрдтің өзін-өзі қорғау жасақтары Астанадағы сирияаралық келіссөздер барысында қабылданатын шешімдерді ұстанбайтынын мәлім етті. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде айтылды. «Астанадағы конференцияның нәтижесі ретінде қабылданатын қандай да бір шешімдерді ұстануға ниетіміз жоқ...Келіссөздерге қатысушы тараптар мен жақтаушы-мемлекеттер Сириядағы ауқымды дағдарыстың бір бөлігі болып табылады және оларға сирия халқына қажетті шешімдер жетіспейді», - деп келтірді мәлімдеме мәтінін «РИА Новости» агенттігі. Күрдтердің пікірінше, дағдарысты шешу үшін Сирияны мекендейтін барлық ұлттар мен конфессиялар өкілдерінің қатысуымен консультациялар өткізу қажет.

0 пікір
Мұрағат