Жаппай қырып-жоятын қаруды табуға көмектесетін технология жасалады
Жаппай қырып-жоятын қаруды табуға көмектесетін технология жасалады
4 жыл бұрын 1582 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

BAE Systems компаниясына АҚШ қорғаныс министрлігінің перспективалық қорғаныс зерттеу агенттігі (DARPA) тарапынан қаржы бөлінді – жаппай қырып-жоятын қаруды табуға көмектесетін және оны қолдануға қатысты әрекетті тежеп ұстайтын аналитикалық технология жасауға берген тапсырыс үшін. Бұл жайында Defense-Aerospace.com деп аталатын әскери ақпарат көзі хабар таратты. Бұл арада химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық шабуыл белгілерін анықтайтын әрі сәйкестігін табатын, сондай-ақ, жарылыс қаупін аңғартатын технология (Chemical, biological, radiological, nuclear and explosive — CBRNE) турасында сөз болып отыр. Мұндай технология алғаш рет жасалып отырғанын айта кету керек. Яғни, аталмыш технологияда көптеген мәліметтер көзі, деректерді синтездеу әдісі, жаудың мінез-құлқын моделдеу тәсілі, т.б. қолданылады.

0 пікір
Мұрағат