Радиацияның залалын жоятын саңырауқұлақтың барын білесіз бе
Радиацияның залалын жоятын саңырауқұлақтың барын білесіз бе
4 жыл бұрын 2351 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде шығар, КСРО кезінде Украина аумағындағы Чернобыл атом электр стансасының апатқа ұшырағаны. Содан бері аттай 34 жыл өтіпті. Чернобыл атом электр стансасы апатынан кейін 20 жылдан соң ғалымдар реактордың қабырғасынан Cryptococcus neoformans деп аталатын ерекше қара саңырауқұлақты байқаған еді. Аса күшті радиоактивті сәулеленуге төтеп беріп өсіп тұрған. Ол ол ма, аса қауіпті радиация оның қорегінің бір бөлігіне айналған. Ғалымдар артынан көз жеткізгендей, аталған өсімдіктің мұндай өзгешелігі біздің теріміздің күн көзінен қараюына ықпал ететін меланиннің – пигменттің көп мөлшерімен байланысты болып шыққан. Яғни, меланин аса қауіпті радиацияны сіңіре отырып, оны энергияға айналдырған. Бұл процесс бірыңғайда көмірқышқыл газының оттегіге, фотосинтез арқылы глюкозаға айналадыратынына ұқсайды. Ғалымдардың пайымдауынша, осынау табиғи тетіктің көмегімен бір мезгілде радиоактивті сәулеленуді бұғаттайтын әрі оны жаңғыртпалы энергия көзіне айналдыратын биомимикрилық затты жасауға болады. Кастури Венкатесваран есімді 40 жылдың тәжірибесі бар НАСА биотехнологы Cryptococcus neoformans саңырауқұлағын зерттеуге жетекшілік еткен тұлға. Ол аталмыш өзгеше өсімдікті халықаралық ғарыш стансасына жіберуді ұсынып отыр – ғарыштағы радиация оның басқа қырын ашуы мүмкін деп отыр. Бұл өсімдіктің, сондай-ақ, медицинада, қауіпсіздік саласында да, өндірісте баға жетпес көмегін тигізетініне кәміл сенімді. 

Чернобыльская АЭС

Чернобыльская АЭС

0 пікір
Мұрағат