Жарты млн-ға жуық жануар орман өртінен жанып кеткен
Жарты млн-ға жуық жануар орман өртінен жанып кеткен
6 ай бұрын 788 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың қыркүйек айында Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орын алған орман өртінен арты млн-ға тарта жабайы жануар жанып кеткен. Бұл жайында The Straits Times ақпарат көзі сарапшылардың осы бағытта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі мен есебіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Сидней университетінің ғалымдары анықтағандай, 480 млн жабайы жануар (олардың арасында сүтқоректілер де, құстар да, бауырымен жорғаушылар да, т.б. бар) отқа оранған орманда қырылып қоймай, олардың тіршілік ететін ортасы орасан зор зардап шеккен болатын. Австралияның оңтүстік-шығысындағы орман өртінен аталған елдің ұлттық символына айналған, аталған құрлықта ғана өсіп-өнетін кенгуру мен коаланың қарасы қатты кеміп кеткен – үштен бірі орман өртінен опат болған. Бірнеше айға созылған өрттен аумағы 5 млн гектарға тарта орман жанып кеткен.

0 пікір
Мұрағат