Жарақатты тігудің қажеті болмайды – арнайы таспа емдеп жазатын болады (видео)
Жарақатты тігудің қажеті болмайды – арнайы таспа емдеп жазатын болады (видео)
4 жыл бұрын 4792 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Хирургиялық тігіс әдетте  үлкен жарақаттарда қолданылатын хирургиялық емдеу тәсілдерінің бірі. Яғни, жырылып кеткен теріні тігу арқылы жүргізілетін ем-дом. Алайда, оның бір кемшілігі бар – ішкі тін зақымдалып, инфекция түсуі мүмкін. Оның арты іріңді жараға айналып, кейде адамның өміріне қауіп төндіреді. Міне, осыны ескерген Массачусет технологиялық институтының ғалымдары арнайы желімдейтін таспа ойлап тапты. Аталмыш ноу-хау бойынша таспаның бір тілігі жырылған жерді біріктіру үшін жапсырылады. Жарақат тез тыртыққа айналып, терінің жыртылған жері бітетін болады. Оның құрамында организмге мүлдем зияны жоқ, таспа жараға жапсырылғаннан кейін бірнеше күннен соң ыдырап кететін желатин мен хитозан бар. Әдетте осы заманғы жөргекте сұйықтықты сіңіріп алу үшін пайдаланылатын полиакрилдік қышқыл сутекті байланыс қалыптастырып, терінің құрғақ беткі жағын дымдап жарақатты біріктіру үшін желімдейді. Таспа доңыздың тінінде – терісінде, аш ішегінде, асқазынында, бауырында, өкпесінде, т.б. сынақтан сәтті өтті. Америкалық ғалымдар бұл таспаның тек жарақатту жазу үшін ғана емес, сонымен қатар, биомедициналық импланттарды адам денесіне бекіту үшін пайдалануға да болатынын алға тартып отыр.

Клейкая лента

0 пікір
Мұрағат