Жануарлар әлемі: Қоңыздардың шеруі жұртты шошытты (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Қоңыздардың шеруі жұртты шошытты (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2994

 Аргентинаның«Мар-де-Ахо»  курортындатуристер мен жергілікті тұрғындар өзгеше көріністің куәсі болды. Жағалаудағы қоңыздар шеруі тура мағынасында жұртты шошытты. Бұл жайында «Lenta.ru» порталы «The Daily Mirror» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Аталмыш басылымның хабарына қарағанда, қоңыздар шеруі бірнеше шақырымға созылған. Куәгерлер жәндіктердің бұл г руін таспаға тартып алып, әлеуметтік желіге салған екен. Бұл көрініске пікір білдіргендердің айтуынша, жәндіктер зілзаладан қашуы мүмкін немесе мекен ауыстырған. «Khnagar» тегімен пікір білдірген ғаламтор пайдаланушысының жазуынша, құрлықты мекен ететін «heteronychus arator» түрі шағылысу үшін жағалауға жиналған. Шағылысқаннан кейін олар қледі. Пікір білдіруші өзінің бұл сөзін жәндіктердің көбісінің қырылып қалғанымен түсіндірген. Туристер мен жергілікті тұрғындардың кейбіреуі қоңыздарды теріп алып, онлайн режімінде келісін 46 еруоға сатып жатыр. Олардың айтуынша, «heteronychus arator» ағзаның обырға, сусамырға және демікпеге қарсы қорғанысын күшейтеді.

0 пікір
Мұрағат