Хамелеонның өмірінің ақырғы сәттері таспаға тартылып қалды (видео)
Хамелеонның өмірінің ақырғы сәттері таспаға тартылып қалды (видео)
3 ай бұрын 619 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұрғашы хамелеонның қысқа өмірінің соңғы сәттері таспаға тартылып қалған екен. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кадрлардан бауырымен жорғалаушы тіршілік иесі терісінің түрлі-түсті өрнектермен қалай құбылғанын байқай аласыз. Хамеолон терісінің мың құбылғаны бұрын таспаға тартып алынбаған еді. Лаборди хамелеоны (Furcifer Labordi) Мадагаскардың батысындағы Киринди орманында таспаға тартылған. Бұл түр төрт аяқты омыртқалылар ішіндегі ең аз өмір сүретін түрі, ол жұмыртқадан шыққаннан кейін төрт-бес ай ғана өмір сүреді. Бір қызығы, ол жұмыртқаның ішінде (шамамен сегіз-тоғыз ай) жұмыртқаны жарып шыққаннан кейінгі өмірімен салыстырғанда ұзағырақ болады. PBS анасының «Үлкен кішкентай саяхаттар» деп аталатын жаңа сериясында режиссерлер Лаборде хамелеонының жұмыртқаларын басып, оларды жақын қалған құрғақшылықтың әсерінен қорғау үшін құммен көміп жатқанын таспаға тартып алған екен. Хамелеонның ұрғашылары әдетте бас күш-қуатын жұмыртқа табуға сарп етеді. Содан соң бірнеше сағаттан кейін демі таусылады.

0 пікір
Мұрағат