F-22 әскери ұшағы «бұлтқа» айналады (видео)
F-22 әскери ұшағы «бұлтқа» айналады (видео)
4 ай бұрын 1512 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық жойғыш ұшақтың сирек таспаға тартылатын көрінісі әлеуметтік желіні шулатып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы unilad.com (UNILAD)ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Марк Фингар есімді тілші таспаға тартып алған көрінсте жойғыш ұшақ дыбыс кедергісін еңсергеннен кейін оның айналасында бу конусы пайда болған. Бұл көрініс сырттай қарағанда әскери ұшақтың бұлтқа айналғанындай әсер қалдырады. Әлемжелі пайдаланушылары әскери ұшақ жау назарына шалынбасы үшін осындай қитұрқылыққа барады деп есептейді. Алайда, шындығында бұл көрініс қысымның төмен түсуінен әрі ауа температурасына байланысты қалыптасатынын айта кеткен жөн. Мұндай көрініс ұзақққа созылмайды. Осы орайда F-22 әскери ұшағы Lockheed Martin, Boeing және General Dynamics компаниялары құрастырған, бесінші буынға жататын жойғыш ұшақ екенін естеріңізге сала кетеміз. Әлемдегі ең қымбат жойғыш ұшақтардың бірі. Бір данасының өзі 146,2 млн доллар. Бұл бағаға жанама шығындары кірмеген. Жанама шығындарын қоса есептегенде бұл баға бұл мөлшерден де көп шығады.

0 пікір
Мұрағат