ExoM экзосүлдесі жүкті жеңілдетеді және мылтық оғынан қорғайды (видео)
ExoM экзосүлдесі жүкті жеңілдетеді және мылтық оғынан қорғайды (видео)
3 ай бұрын 671 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бір емес, екі түрлі пайдасы бар ерекше экзлсүлде құрастырылды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде полиция қылмыскерлермен бетпе-бет келгенде батыл қимылдауы керек, ол үшін оқ өткізбейтін бронсауыт киюге тура келеді. Алайда, салмағы ауыр баллистикалық бронды сауыт шалт әрі шапшаң қимылдауға мүмкіндік бере бермейді. Бұған қоса, қауіпсіздік қызметкері өзімен бірге қару мен оның оқ-дәрісін бірге алып жүретіндіктен едәуір салмақ түсіреді. EXOM Up-Armored (немістердің Mehler Protection компаниясының, канадалық Mawashi Science & Technology компанияның және GIGN француз ұлттық жандармериясы арнайы күштерінің бірлескен жобасы) экзосүлдесі бірден екі мәселені шешеді - оқтан қорғайды және жүкті жеңілдетеді. Экзосүлденің қорғаныс қабілетін бүкіл беткі жағын қаптаған VPAM еуропалық стандартының (10 м қашықтықтан 7,62 х 39 мм калибрлі үш оқпен атуға арналған) брон панелі қамтамасыз етеді. Өз кезегінде титаннан жасалған сүлде жалпы сүлденің 70%-на дейін құрайды. ExoM сауытын немесе сүлдесін пайдаланған арнайы күштердің сарбазы құрылғының икемді «омыртқасы», бел тұстағы жылжымалы белдік және жамбас, тізе және тобық «буындары» арқасында өзінің қозғалыс кезінде кедергі келтірмейді, керісінше еркін әрі шапшаң қимылдап-қозғалуына мүмкіндіек береді. ExoM-ның тағы бір артықшылығы - моторлы жетектерді немесе батареяны қажет етпейді, бұл ерекшелік оны ұзаққа созылатын әскери операциялар кезінде пайдалануға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат