Дрон, ұшақ, спутникті істен шығаратын микротолқынды қару жасалды (видео)
Дрон, ұшақ, спутникті істен шығаратын микротолқынды қару жасалды (видео)
3 ай бұрын 1005 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сиан қаласындағы Солтүстік-батыс ядролық технологиялар институты мен Бейжіңдегі Қытай ғылым академиясының электротехника институтының зерттеушілер тобы жылу энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін қолданылатын Стирлинг қозғалтқышы (Стирлинг қозғалтқышы – бұл ыстық цилиндрге сыртқы жылу беру арқылы жұмыс істейтін жылу қозғалтқышы. Жылу алу үшін пайдаланылатын отын маңызды емес. Бұл биогаз және күн энергиясы болуы мүмкін, бұл қозғалтқыштың ішкі жану қозғалтқыштарынан ерекшелігі. Осылайша, мұндай қозғалтқыштар қалпына келетін энергия көздеріне негізделген қондырғыларда сәтті қолданыла алады - kazatu.edu.kz дерек көзінен) негізінде микротолқынды қару жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы scmp.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, микротолқынды қару дрондарды, әскери ұшақтарды, тіпті, спутниктерді істен шығара алады. Аталмыш қару Stirling қозғалтқышының технологиясына негізделген әлемдегі тұңғыш қару екенін алға тартып отыр. Төрт ықшам Stirling қозғалтқышынан және құрылғының құрамдас бөліктерін салқындатуға арналған инновациялық өткізгіш таспадан тұратын электр стансасы энергия шығынын азайтуға, сонымен қатар, төрт сағат бойы құрылғының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Құрылғының өзі жүк көлігінде тасымалдауға келетіндей шағын.

 

0 пікір
Мұрағат