Еңбек өнімділігі мен капитал бөлісудегі кереғарлық немесе бай мен кедей арасындағы алшақтық
Еңбек өнімділігі мен капитал бөлісудегі кереғарлық немесе бай мен кедей арасындағы алшақтық
6 жыл бұрын 5316 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бизнесті автоматтандырудан соңғы ширек ғасырда еңбек өнімділігі артып, бір адамның өзі миллиондаған тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейге жетті. Алайда, бұл технологиялық артықшылық өз кезегінде байлықты бөлудегі теңсіздікке ұрындырды. Дәлірегі, өндірістің автоматтандырылуы белгілі бір адамдардың ғана баюына жағдай жасады. Бұл тенденция, өкінішке қарай, дамыған елдерде өршіп барады. Тарқатып айтқанда, мәселен, америкалық ат төбеліндей ауқаттылардың 1%-на ел экономикасындағы табыстың 18%-нан айналады екен. Ал бұл көрсеткіш сонау 1975 жылы 7%-дан кем болатын. Шектеулі экономикалық өсім жағдайында байлақты бөлісу теңсіздікке алып келіп отыр: тұтынушылардың жалпы сұранысы корпорациялардың бизнесті ұлғайту үшін құятын инвестиция мөлшеріне сай келе бермейді. Ал прогрессивті салықты қолдану көбіне тиімсіз: табыстың дені офшорларда, т.б. жасырылады. Кей жағдайда керісінше болып жатады: мысалы, Apple соңғы он жыл ішінде қолма-қол ақша түрінде 225 млрд доллар таза табыс тапқан - дивидендтерді жиі сатқанына, өз акцияларын ашық нарықта сатып алғанына қарамастан. Корпорация өз өнімдерінің төлем қабілетіне сай сұранысын қанағаттандырып отырады, тіпті, операциялық шығындарды үнемдеп те жатпайды. Бәрібір соған қарамастан дәулеті артып келеді. Адамдардың басындағы жағдай да осыған ұқсас: байлығы белгілі бір деңгейге жеткен соң жеке басының қажеттілігіне аса кіріптар болмайды. Әдетте дәулеті шалқыған байлар мен корпорациялар қатерлі тұстардан айналып өтеді: олардың бар мақсаты - қолындағы барын сақтап қалуға саяды. Олардың инвестициялық сұранысы да қызық: олардың ақшасына мемлекет кепілдік береді - экономиканы өсіру мақсатында айналымға жіберу арқылы. Айналып келгенде, байлардың ақшасы сатып алу қабілетін жоғалтпайды әрі мемлекет өз ақшаңызды қайтарып алып, іске жаратпайынша төлем қабілетінен айырылмайды. Мәселен, Жапонияны алайық. Күншығыс елінің қарызы қазіргі уақытта жалпы ішкі өмімге шаққанда 200%-дан асып кеткен. Алайда, елде инфляция жоқ. Кереғарлығын қараңыз. Егер сенім жоғалса (мемлекет пен капитал иесінің арасындағы өзара сенім турасында айтылып отыр), онда инфляцияны еңсеру қиынға соғады. Мұндай жағдайда өз капиталын іске жұмсап, айналымға шығарғандар емес, қатерден қорқып, ақшасын жамбасына басқандар оңбай ұтылады. 

0 пікір
Мұрағат