Жаһандық жылынуға қарсы технология табылды
Жаһандық жылынуға қарсы технология табылды
6 жыл бұрын 3343 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар өзіне көмірқышқыл газын тез сіңіріп алатын минералды, магнезитті алудың тәсілін тапты. Егер аталмыш технологияны өнеркәсіпте кеңінен қолданатын болса, атмосферадағы жаһандық жылынуға ең басты себепкер болып отырған көмірқышқыл газды жинап алуға болады. Алайда, әзірге мұндай технологияны жасауға нақты әрі экономикалық шектеулер бар. Десе де Канадағы Трент университетінің мамандары магнезит төменгі температурада қалыптасатынын алға тартып отыр әрі оны кристалдандыруды жылдамдатуды ұсынды. Ғалымдар, сондай-ақ, катализатор  ретінде полистиролды микросферді пайдаланған кезде магнезит 72 күннің ішінде қалыптаспатынын айтып отыр. Микросфера өндіріс барысында өзгермейді, сол себепті, оны қайталап қолдануға болады. 

0 пікір
Мұрағат